"ЖОО үздік оқытушысы-2020" республикалық байқауының қорытындысы белгілі болды. Байқауда оқыту сапасы мен ғылыми– зерттеу қызметі бірнеше көрсеткіштер бойынша бағаланды. Қазақстанның 73 жоғары оқу орнынан 600-ден астам үміткер өтініш берді.
Оның ішінен ҚР БҒМ комиссиясы 150 жеңімпазды таңдап алды. Көшбасшылар қатарына біздің әріптестеріміз, PhD доктор, инженерия және сандық технологиялар факультетінің деканы Ратушная Татьяна Юрьевна және PhD доктор, "Агрономия және орман шаруашылығы" кафедрасының доценті Тоқтар Мұрат кірді. Олар өздерінің педагогикалық және ғылыми қызметінің нәтижелілігін, кәсіпқойлығын, жаңашылдық тәсілін, инновациялық әлеуетін көрсете алды.
Жеңімпаздарға ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және біліктілігін арттыру үшін әлемнің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өту мүмкіндігі беріледі. Бұл байқау дәстүрге айналған. Жылдан жылға "ЖОО үздік оқытушысы" атағын біздің университеттің ПОҚ алатыны қуанышты.