Дәрістерге ЖОО-ның оқытушылары және сыртқы сарапшылар: Казахпай Касимов- «Ахыска» республикалық түрік этномәдени орталығы» ҚБ төраға орынбасары, Шахисмаил Асиев- ҚХА мүшесі, "Ахыска" республикалық түрік этномәдени орталығы" ҚБ төраға орынбасары, Симанас Шаханова- Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы «Түрік мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Диляра Хасанова- Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы «Түрік мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрайымы қатысты.
Месхетин түріктерінің кейінгі ұрпақтары үшін Қазақстан өз Отанына айналды. Бүгінгі таңда месхитин түріктері лайықты орын алып, экономиканың, сауданың және қызмет көрсету саласының дамуына айтарлықтай үлес қосуда. СҚО түрік мәдени орталығының өкілдері орталықтың «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасымен бірлесіп атқаратын қызметі мен қызықты іс-шаралары туралы, атап айтқанда «Орта ғасырдағы көрнекті түркі ойшылдары» жобасы туралы айтып берді. Университеттің шетелдік студенттері түрік халқының мәдениетіне ерекше қызығушылық танытты.
https://www.ku.edu.kz/page/view?id=1693