"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.

В.А.Сухомлинский

Университетте «Халықтану» білім беру лекториясы аясында түріктер туралы дәрістер өткізілді

Дәрістерге ЖОО-ның оқытушылары және сыртқы сарапшылар: Казахпай Касимов- «Ахыска» республикалық түрік этномәдени орталығы» ҚБ төраға орынбасары, Шахисмаил Асиев- ҚХА мүшесі, "Ахыска" республикалық түрік этномәдени орталығы" ҚБ төраға орынбасары, Симанас Шаханова-  Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы «Түрік мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Диляра Хасанова- Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы «Түрік мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрайымы қатысты.

Месхетин түріктерінің кейінгі ұрпақтары үшін Қазақстан өз Отанына айналды. Бүгінгі таңда месхитин түріктері лайықты орын алып, экономиканың, сауданың және қызмет көрсету саласының дамуына айтарлықтай үлес қосуда. СҚО түрік мәдени орталығының өкілдері орталықтың «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасымен бірлесіп атқаратын қызметі мен қызықты іс-шаралары туралы, атап айтқанда «Орта ғасырдағы көрнекті түркі ойшылдары» жобасы туралы айтып берді. Университеттің шетелдік студенттері түрік халқының мәдениетіне ерекше қызығушылық танытты.

https://www.ku.edu.kz/page/view?id=1693

01.02.2021