Қозыбаев универтитетінің оқу-спорт кешені мен бассейні өз жұмысын қайта бастады. Карантиндік шараларға байланысты ол бір жылға жуық жұмыс жасаған жоқ. Бірақ қазір студенттер, оқытушылар және басқа да келушілер суда немесе фитнес-залда шынуға мүмкіндіктері бар.
Мұнда барлық факультеттердің білім алушыларында дене шынықтыру өткізіледі, онда студенттер әртүрлі стильдермен жүзуді үйренеді. Олар сондай-ақ спорт секцияларына да тегін қатыса алады.
Студенттер мен қала тұрғындарының спортқа араласқысы келетін жаттығулары барлық эпидемияға қарсы шараларды сақтай отырып жүргізіледі: бір адамға 1 шаршы метрден қашықтық, медициналық анықтама (су сабақтары үшін), санитайзерлер, фойе мен дәліздерде бетперде режимі. Әр сағаттық жаттығулардан кейін барлық залды антисептикалық құралдармен зарасыздандырады.
Біздің бассейнде жүзуге арналған жиынтық (ересектер, 7 жастан кейінгі балалар), бодибилдинг, фитнес, оның ішінде: Power йога (арықтау үшін), стрейчинг (созылу), Bootcamp ( жаттығулар) жүргізіледі. Күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін шынығуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, университет бассейні 2008 жылы ашылған: ұзындығы 50 м тең 10 жол бар, тереңдігі 2,15 м және 2,5 мың текше метр. Сабақтарды тәжірибелі нұсқаушылар, спорт шеберлері суда да, құрғақ залдарда да өткізеді.
ЖОО қызметкерлері мен ПОҚ үшін 50% жеңілдік беріледі. 49-30-23 телефоны бойынша хабарласып сұрақтар қоюға болады.