"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.

Ы.Алтынсарин

Қозыбаев университетінің оқытушысы Айнаш Бектемісоваға "Қауымдастырылған профессор" атағы берілді

Қауымдастырылған профессор ғылыми атағын ғылыми және білім беру қызметі саласындағы жетістіктері үшін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті береді. Монографиялар немесе оқу құралдарын дайындау, нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық ғылыми журналдардағы жарияланымдар, сондай-ақ БҒССҚЕК ұсынған басылымдарда кемінде 10 ғылыми мақаланың болуы ескеріледі.

Айнаш Бектемісова "Химия" мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор атағына ие болды. Ғылыми-педагогикалық бағытта ол 24 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Химия ғылымдарының кандидаты, доцент, ЖОО Ғылыми кеңесінің хатшысы болып табылады. Жұмыс жасаған жылдары 60-тан астам ғылыми мақала мен 2 монография шығарған.

Айнаш Өтешқызын шын жүректен құттықтаймыз! Сәттілік пен жаңа биіктерді бағындыруды тілейміз!

11.02.2021