"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Оқу, білім – жанған шырақ ойласаң, Үйренерсің, іздеп көрсең – қалмасаң Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал. Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.

Жүсіпбек Аймауытов

Жақсылық жүректі жібітеді

24.02.2021ж. «Азық-түлік қауіпсіздігі» кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен №2 жатақханада «Жақсылық жүректі жібітеді» атты сырласу сағаты өтті. Іс-шарада факультетінің тілек білдіруші студенттері қатысты. Іс-шара «Алғыс айту күніне» орай ұйымдастырылды. Алғыс айту күнінің пайда болу тарихы жөнінде мәлімет беріліп, шағын видео-ролик көрсетілді. Қатысқан студенттер видео-ролик жөнінде өз ойларымен бөлісіп, алған әсерлерін және бір-бірлеріне деген алғыс тілектерін жазып қалдырды.

Кафедра ажош
25.02.2021