Сөздәйектер галереясы
Әркімге қажетті білім бар, Сол білімді меңгермейінше, барлық басқа білім адамға нұқсан келтіреді
Л.Н. Толстой
Қайырымдылық
2021 жыл 1 – наурыз " Алғыс айту" күніне орай "Жүректен – жүрекке" атты қайырымдылық акциясына "Foundation" факультетінің декан орынбасары Искакова Асемгуль Оразовна мен ТК–9с–20к тобының тыңдаушысы Қанаева Альмира да қатысып, Петропавл қаласында орналасқан балалар үйіне барып, тәрбиеленушілерге кеңсе тауарларын сыйға тартты. Қайырылымдықтың мақсаты — ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қолдау көрсету. Кездесу барысында тәрбиеленушілермен болашақ армандары туралы әңгіме жүргізілді. Аталмыш қайырымдылық іс-шараның өтуі факультетте жыл сайынғы дәстүрге айналған.

29.03.2021
