"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мұғалім деген ат - қасиетті ат. Мұғалім деген аттан таза еңбекті сүйетін мамандық иесі деген сөзді ұғынады. Елдің надандығымен алысатын адам мұғалім.

Сәбит Мұқанов

«Химия көшбасшысы»

М.Қозыбаев атындағы СҚУ "Foundation" факультетінде  биология-химия бағытын таңдаған ДК-9с-20-2 және ТК-9с-20-2 топтары арасында химия пәнінен онлайн форматта "Химия көшбасшысы" атты интеллектуалды сайыс өтті.
Өткізілген іс-шараның мақсаты тыңдаушылардың демалыс уақытында бос уақыттарын тиімді пайдалану, химия пәнінен алған білімдерін толықтыру, шындау, бекіту және интеллектуалды деңгейін анықтау, ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту болып табылады. Сайысты химия пәні оқытушысы Тұрсынбаева Нұрила Бахытқызы өткізді!
Сайыс тыңдаушылардың белсенді атсалысуымен өз деңгейінде жақсы өтті. Сайыстың қорытындысы бойынша ТК-9с-20-2 тобы 390 ұпай жинап басымдылықпен жеңіске жетті. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

  

29.03.2021