Сөздәйектер галереясы
Мен барлық ұстаздарға былай ғибрат етемін: балалардағы білімге деген талап, ынта, құштарлық отын сөндіріп алмаңдар. Еңбек қуанышы еңбеккер адамның мақтаныш сезімін осы оттың тұтанар бірден-бір көзі.
«Денсаулық сөмкелер»
ҚХР елшілігінің өкілдері М. Қозыбаев атындағы СҚУ Агротехнологиялық факультетіне «Денсаулық сөмкелерін» сыйға тартты. ҚХР елшілігіне біздің қызметкерлерімізге деген қамқорлығы мен қолдауы үшін алғыс айтамыз. Солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің ғалымдарымен 5 жыл көлемінде жемісті қызмет етіп, бірлесіп құрылған Агротехнопарк шеңберінде ғылыми жобаларды іске асырып келе жатқанымызды атап өтуге болады, факультеттің 5 оқытушысы серіктес ЖОО-да ғылыми тағылымдамадан өтті, 12 студент академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде бір семестр СБАОШУ-да білім алды!
