"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшін әуелден дұрыс тәрбие беруге тырысу керек.

А.С.Макаренко

"Агрономия мен орман шаруашылығындағы заманауи технологиялар және топырақ құнарлылығын реттеу әдістері" дөңгелек үстелі

Ғылым онкүндігі аясында ағымдағы жылдың 7 сәуірінде Агротехнологиялық факультеттің «Агрономия және орман шаруашылығы» кафедрасында «Агрономия, орман шаруашылығындағы заманауи технологиялар және топырақ құнарлылығын реттеу тәсілдері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына кафедра оқытушылары, студенттері мен магистранттары, сондай-ақ облыстың жетекші ауыл шаруашылық құрылымдарының басшылары мен қызметкерлері қатысты. 

 Конференция барысында спикерлер зерттелетін саладағы өзекті тақырыптарды қозғады.

Дөңгелек үстел танымдық бағытта өтті: спикерлер өздерінің кәсіби саласындағы құнды тәжірибелерімен бөлісті, студенттер белсенді сұрақтар қойып, толық жауаптар алды.

 

Кафедра ажош
08.04.2021