"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Егер біздің қоғам дұрыс ұйымдастырылған болса, онда ғылымдардың ішіндегі ең маңыздысы педагогика болар еді, ал оның мақсаты әр балада өзіне тән және тек оған ғана тән асыл дарынын тауып, дамыту болар еді.

Борис Акунин

Қозыбаев университетінде «Парасат жолы» орталығы ашылды

Жаңадан ашылған орталықтың міндеті - жастардың бойына парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру, мәдени және рухани құндылықтарды дарыту. Бұл ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бірлескен жобасы. Мұндай орталықтар еліміздің әрбір қаласы мен елді мекендерінің кітапханаларында ашылды.

ЖОО-да орталық coworking базасында жұмыс істейді. Онда білім, ғылым, спорт саласындағы қызықты тұлғалармен, сарапшылармен, көшбасшылармен, сондай-ақ шығармашылық зиялы қауыммен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр. Мәселен, студенттер адалдық пен парасаттылық құралдарын қолдана отырып, өмірде қалай жетістікке жетуге болатындығын көре алады. Жастарды толғандыратын өзекті мәселелер бойынша пікірталастар жоспарланған. Білім алушылардың өз ойын білдіретін диалог алаңына айналып, оларға адалдық, әділдік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным қағидаттарын дарытуға көмектеседі.

21.04.2021