Сөздәйектер галереясы
Мен барлық ұстаздарға былай ғибрат етемін: балалардағы білімге деген талап, ынта, құштарлық отын сөндіріп алмаңдар. Еңбек қуанышы еңбеккер адамның мақтаныш сезімін осы оттың тұтанар бірден-бір көзі.
«Тәуелсіздік - басты құндылығымыз» атты интеллектуалдық-танымдық ойын
30 .04.2021ж «Практикалық қазақ тілі» кафедрасының ұйымдастыруымен ZOOM платформасында «Тәуелсіздік - басты құндылығымыз» атты интеллектуалдық-танымдық ойыны өткізілді. Шараның басты мақсаты – өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойында Отанына деген сүйіспеншілік, патриоттық және адамгершілік сезімдерін қалыптастыру, өз елінің тарихын, оны қастерлей білуге тәрбиелеу.
Ойынға университетіміздің бірінші курс студенттері (қазақ тілін меңгеруі деңгейі бойынша В2 тобы) 2 команда болып қатысты. Шара барысында команда өздерін таныстырды, викториналық сұрақтарға жауап берілді, «Сандар сөйлейді» тапсырмасы бойынша жұмыс жасалды, «Кім жүйрік» тақырыбындағы ребусты шешті, тарихи тұлғаларға қатысты студенттер пікір білдірді. Ойынның соңында жинаған ұпай саны есептеліп, жеңімпаздар анықталды.


