Бұл жоба үшін «Құқықтық пәндер» кафедрасының оқытушылары Мадина Могунова мен Оксана Шут бүгінгі күнгі өзекті тақырыптар аясында: криптовалюта мен әлеуметтік желілерді құқықтық реттеу бойынша ғылыми мақалалар дайындады. Бұл зерттеулер конкурс қорытындысы бойынша шығарылған ТМД елдерінің жас ғалымдар жинағына енді. Оған Қазақстан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен жиылған 100 автордың еңбектері жарияланған.
«Үздік жас ғалым - 2021» жобасын Халықаралық жас ғалымдар қауымдастығы (Нұр-сұлтан Қ.) «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы» қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырды. Жоба жаратылыстану, техникалық, экономикалық, жалпы ғылымның 12 бағыты бойынша өтті.
Қатысуға өтінімдерді ТМД-дан 35 жасқа дейінгі магистранттар, аспиранттар және докторанттар жібере алды. Біздің ғалымдар құқық саласында зерттеулер жүргізді. Нәтижесінде олар «Үздік жас ғалым-2021» арнайы медалімен және І дәрежелі дипломдармен марапатталып, жас ғалымтар жинағының электронды нұсқасына ие болды.
Мадина Мұратқызы мен Оксана Александровнаны жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!