Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Агротехнологиялы факультеттің деканы Алтын Шаяхметоваға «қауымдастырылған профессор» атағы берілді

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ғылыми және білім берудегі жетістіктері үшін «Қауымдастырылған профессор» ғылыми атағы беріледі. Сондай-ақ, атаққа үміткерлердің монографиялар немесе оқу құралдарын дайындауы, нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық ғылыми журналдардағы жарияланымдары, сонымен қатар, БҒСБК ұсынған басылымдарда кемінде 10 ғылыми мақаланың болуы ескеріледі. БҒСБК төрағасы бұйырығымен Алтын Шаяхметоваға «Агрономия» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор атағы берілді.

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты 2018 жылдан бастап Агротехнологиялық факультетін басқарып келеді. Мұнда өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу сияқты өзекті бағыттар бойынша зерттеулер жүргізіледі. Қытай, Германия, Польша, Ресей ғалымдарымен тығыз ғылыми байланыстар орнатылған. Алтын Сейтахметқызын жеткен жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Білікті маманның басқаруындағы Агротехнологиялық факультетіне де сәттілік тілейміз! Тек алға ұмтылып, жаңа шыңдарға жете беріңіз!

23.06.2021