Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Қозыбаев университетінің студенттері COVID-19-бен күрестің алдыңғы қатарында

Қазіргі уақытта бүкіл әлемнің маңызды міндеті - халықтың денсаулығын сақтау және оны нығайту. Осыдан бір жыл бұрын белгісіз аурудың - COVID-19 толқыны  әлемді жаулаған кезде, барлығы, оның ішінде Қозыбаев университетінің Жоғары медицина мектебінің студенттері де жаппай індетпен күресуге атсалысты.

«Парасат жолы» жобасы аясында «Адалдықтың үлгісі» атты фотокөрмесі «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің  ұйымдастырылуымен өтті. Онда коронавирус инфекциясына қарсы күрестің алдыңғы шебінде тұрған студенттердің суреттері орналастырылды. Барлығы 30-ға жуық сурет назарға ұсынылды. Олар облыстық көпсалалы ауруханада, 3 қалалық емханада, психикалық денсаулық орталығында, облыстық балалар көпбейінді ауруханасында, облыстық фтизиопульмонология орталығында және жаңа модульді инфекциялық ауруханада жұмыс істеді.

Үш жыл қатарынан Қозыбаев университеті студенттерді «Жалпы медицина» және «Фармация» атты 2 білім беру бағдарламасы бойынша оқытуда. Дәрігер маманын даярлау - бұл жауапты іс, сондықтан, университетте дәрістерді білікті де, бідімді ПОҚ өткізеді. Студенттер тәжірибені Солтүстік Қазақстан облысының ауруханалары мен клиникалары болып табылады.Айта кету керек, коронавирустық инфекциямен күреске үлес қосқан МЖМ студенттерінің фотокөрмесі 9 шілдеге дейін жалғасады.

28.06.2021