Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

ҚР Президентінің стипендиясын тағайындау конкурсын өткізу туралы

Құрметті білім алушылар!

2020-2021 оқу жылының жазғы емтихандық сессиясының нәтижелері бойынша ҚР Президентінің шәкіртақысын алуға конкурс жарияланды. 

 Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындау.

 

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылға арналған стипендиясын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы» ҚР БҒМ 2021 жылғы 29 маусымдағы  № 307 бұйрығына сәйкес, М. Қозыбаев атындағы СҚУ-не студенттер үшін күнтізбелік жылға 31 (отыз бір) стипендия бөлінді.

2011 жылғы 7 сәуірдегі № 136 «ҚР Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау ережелеріне» сәйкес, стипендия күндізгі оқу бөлімінің 3 және одан жоғары курс студенттеріне ғана мемлекеттік тапсырыс негізінде де, ақылы негізде де өте жақсы (А, А -) білім алушыларға тағайындалады. Стипендия білім алушылардың келесі санаттарына тағайындалады: республикалық және халықаралық олимпиадалардың, спорттық жарыстардың шығармашылық конкурстарының, фестивальдардың жеңімпаздарына немесе жаңалықтардың, өнертабыстардың авторлары болып табылатын; ғылыми еңбектердің жинақтарында, Республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары бар; жетістіктері дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатындарға; білім беру ұйымдарының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсенді қатысқандарға. Стипендия бір академиялық кезеңге тағайындалады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі: 2021 жылғы 26 шілдеден бастап  2021 жылғы 20 тамыз аралығында сағат 18.00-ге дейін.

СТжҚКО-на қажетті құжаттар тізімі (2-ші корпус):

  1. М.Қозыбаев атындағы СҚУ Басқарма Төрағасы - ректорының атына жазылған өтініші ақылы негізде білім алушының бос білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысады.
  2. Білім алушының транскрипті.
  3. Білім алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (фото).
  4. Растайтын құжаттардың көшірмелері: ғылыми еңбектердің, дипломдардың, грамоталардың, алғыс хаттардың, сертификаттардың титулдық парақтарының көшірмелері / фотосуреттері.
23.07.2021