Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

"М.Қозыбаев атындағы СКУ" КЕАҚ Инновациялар, интернационалдандыру және трансформациялау мәселелері жөніндегі Басқарма мүшесінің бос лауазымына орналасуға конкурс туралы

«М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Инновациялар, интернационалдандыру және трансформация мәселелері жөніндегі:

  • Басқарма мүшесі бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

 «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының мекенжайы: Петропавл қаласы, Пушкин к., 86.

Қызметтің негізгі мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.

Қызметтің мақсаты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, білім беру және оқыту үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы, мүмкіндігінше шетелдік ЖЖОКБҰ-да алған білім; тиісті салалардағы білім беру ұйымдарында және (немесе) уәкілетті органдарда басшы лауазымдарда кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе конкурстық лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Конкурсқа қатысуға төмендегі тұлғалар жіберілмейді:

1)    жиырма бес жастан кіші;

2)    бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

3)    өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4)    медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрғандар;

5)    Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

1)  белгіленген нысандағы өтініш;

2)  конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3)  белгіленген үлгі бойынша 3x4 үлгідегі түрлі түсті суретпен конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;

4)  білім туралы құжаттардың және салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, оларға қосымшалардың көшірмелері;

5)  жұмыс орны (қолданыстағы не соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6)  № 075/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби кеңес қорытындысы);

7)  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес психоневрологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;

8)  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес наркологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;

9)  Қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салудың жоқ екенін растайтын құжат.

Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда көрсетілетін қызметті алушылар Конкурсқа қатысушылар 6, 7 және 8-тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Конкурстың өтетін күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде Петропавл қ., Пушкин к., 86, 2 корпус мекенжайы бойынша «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ Корпоративтік хатшысына ұсыну қажет (426 кабинет, телефоны: +77775122629).

 «М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы-Ректорды іріктеу және тағайындау және Басқарма мүшелерін сайлау тәртібі

Өтініш


 

БАҚ-тағы хабарландыру:

Казахстанская Правда (27.07.2021)

Egemen Qazaqstan (27.07.2021)

27.07.2021