Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

"М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" КЕАҚ бос лауазымдарына орналасуына конкурс жариялау туралы

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті КЕАҚ бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жоспарлау бөлімінің жетекшісі

Талаптар: "Экономика және бизнес", "құқықтану" немесе "қаржы" профиль бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) экономикалық немесе заң білімі және Мемлекеттік сатып алу саласында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.

Білуге тиіс: "Мемлекеттік сатып алу туралы" ҚР Заңы, "Білім туралы" ҚР Заңы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңы, "Акционерлік қоғамдар туралы" ҚР Заңы, ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген ҚР 2020-2025 жылдарға арналған  білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.

Лауазымдық міндеттері:

1. Университеттің бекітілген даму жоспары негізінде жылдық жоспар жобасын әзірлеу.
2. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бақылауды жүзеге асыру,
3. Жариялау үшін бастапқы құжаттарға қатаң түрде мемлекеттік сатып алу регламенті бойынша мониторинг жүргізу.
4. Мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты уақыттылы орналастыруды қамтамасыз етуді қадағалау.
5. Мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша шарттар мен қосымша келісімдерді уақыттылы жасасуды қамтамасыз ету.
6. Мемлекеттік сатып алу порталына шарттардың орындалуын енгізу.
7. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу тізіліміне қатаң түрде бюджет комиссиясының шешімі бойынша бақылау жүргізу,

лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген басқа да міндеттерді орындау.


 

Қажетті құжаттар:

1)жеке куәліктің көшірмесі;

2)075/у нысанындағы медициналық анықтама;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) соттылығыны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;

5) психоневрологиялық және наркодиспансерден анықтама;

6) еңбек кітапшасы.

Бос лауазымдарға өтініш беру мерзімі хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн.

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: Пушкин көшесі, 86, № 2 корпус, № 219 кабинет, телефон 8 (7152) 369468».

02.08.2021