"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен сыйлата білмесең, құр қаталдықтан түк те шықпайды.

А.П.Чехов
Факультеттер жаңалықтары
Барлығын оқу

2018 жылғы 5 наурыз. Қарағандыдағы "Қазақстандағы университеттік автономияға көшу" (TRUNAK) жобасының мониторингі

2018 жылдың 5 наурызында ҚММУ "Эразмус+" бағдарламасының "Қазақстандағы университеттік автономияға көшу" (TRUNAK) жобасының мониторингі өтті. Жобаның нәтижелері Қазақстандағы "Эразмус +" ұлттық кеңсесінің директоры Шайзада Тасболатова мен директордың орынбасары Жанат Қазбековаға ұсынылды.

Кездесу барысында қазіргі проблемалар, операциялық және қаржылық қиындықтар талқыланды, сондай-ақ оларды шешу жолдары айқындалды.

Мониторингке ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және бес қазақстандық университеттердің өкілдері: ҚММУ ректоры Раушан Досмағамбетова, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры Серік Өмірбаев , Марат Оспанов атындағы БҚММУ ректоры Ербол Бекмұхамбетов және т. б. қатысты.

Кездесу барысында жоба бойынша серіктестер жобаның орындалу барысын талқылады. Жобаның жұмыс тобының мүшелері аудиторияны жұмыс барысымен таныстыру үшін, жұмыс пакеттері бойынша презентациялар дайындады. Баяндамаларда Жобаның мақсаттары мен міндеттері, жоба мақсаттарының өзектілігі, тиімділігі, тұрақты даму үшін таралуы мен әлеуеті көрсетілді.