Алғыс айту күнін мерекелеу қарсаңында, 2026 жылғы 27 ақпанда тарих, экономика және құқық факультетінде студенттерін, оқытушылары мен қызметкерлерін бі әрі қарай оқу
Сөздәйектер галереясы
Еңбектегі табыс - бұл табысқа жеткен адамның мақтанышы. Өз еңбегін мақтан тұтпаған нағыз адам бола алмайды.
Факультеттер жаңалықтары
2026 жылғы 27 ақпанда Алғыс айту күнін мерекелеу қарсаңында тарих, экономика және құқық факультетінде «Күміс университет» жобасы аясында курс тыңдаушы әрі қарай оқу
2026 жылғы 27 ақпанда тарих, экономика және құқық факультетінде «Foundation» бағдарламасының студенттерімен және болашақ талапкерлермен кәсіби бағдар әрі қарай оқу
2026 жылғы 27 ақпанда 7-курс студенттері куратор М. Мурзабаеваның жетекшілігімен Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар аясында Полудино ау әрі қарай оқу
2026 жылғы 24 ақпанда Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі КГУ «СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» базасын әрі қарай оқу
25.02.2026 жылы медициналық факультет базасында оқытушылар мен студенттерге арналған «Қазақстандағы қайтыс болғаннан кейінгі донорлық: өмірді сақтап қ әрі қарай оқу
2026 жылғы 19 ақпанда тарих, экономика және құқық факультетінің студенттері «Нашақорлыққа жол жоқ!» «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндег әрі қарай оқу
2026 жылғы 19 ақпанда тарих, экономика және құқық факультетінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы түсіндірілді. Іс-шара Ж-23, Ж-2 әрі қарай оқу
2026 жылғы 19 ақпанда медициналық факультеттің 4 және 7 курс студенттері қайырымдылық акциясын өткізіп, Петропавл қаласындағы Балалар үйіне барды. Бас әрі қарай оқу
Kozybayev Alumni түлектер қауымдастығының қызметі аясында тарих, экономика және құқық факультетінде әртүрлі ұрпақ түлектерін біріктіру үшін маңызды ал әрі қарай оқу
2018 жылғы 19-20 наурыз. Еуропалық университеттер ассоциациясы базасында өткен үйретуші семинар (EUA)
19-20 наурызда Брюссельде Еуропалық университеттер ассоциациясы (EUA) негізінде Эразмус+ "TRUNAK Қазақстандағы университеттік автономияға көшу" жобасын жүзеге асыру шеңберінде университеттердің автономиясын зерттеу және бағалау бойынша оқыту семинары өтті.
Еуропалық университеттер қауымдастығының қызметкерлері университеттік автономияны анықтау, еуропалық бенчмаркинг негізінде оның артықшылықтары мен құрылымдық шарттары туралы ақпарат ұсынды.
TRUNАK консорциумы бойынша серіктестер Еуропалық университеттер қауымдастығы әзірлеген автономияны бағалау жүйесіне сәйкес, автономияның ағымдағы жағдайы туралы ақпаратты жинау және талдау әдістемелеріне оқытылды. Бұл тәсіл ұйымдық, қаржылық, кадрлық және академиялық автономияның төрт саласы үшін көрсеткіштерді талдауға негізделген.
Семинардың қатысушылары Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің , Шығыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің, М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, Савония қолданбалы ғылымдар университетінің (Финляндия), Universita Cattolica Del Sacro Cuore Католик университетінің (Италия), Люблин техникалық университетінің (Польша), Ага Хан университеті-мұсылман өркениетін зерттеу институтінің (Ұлыбритания), Лунда университетінің (Швеция), Люблян университетінің (Словения). өкілдері болды.
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың семинар жұмысында стратегия, сапа және интернационалдандыру Департаментінің директоры және жоба менеджері-М. В. Погребицкая, "Герман – романская филология" кафедрасының аға оқытушысы және жоба үйлестірушісі-Т. К. Сагитдинова, халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру бөлімінің басшысы-Р. К. Шоткин қатысты.
2018 жылдың сәуір және мамыр айларында TRUNAK жобасын одан әрі іске асыру аясында қазақстандық ЖОО EAU әдіснамасы бойынша автономия процестерін зерттеуге қатысады. Зерттеу нәтижелері Еуропалық университеттер Ассоциациясымен талданып, академиялық қауымдастыққа ұсынылады. Алынған нәтижелер, сондай-ақ еуропалық елдердің жоғары оқу орындарының автономиясын дамыту саласындағы тәжірибесі негізінде, TRUNAK консорциум мүшелері қазақстандық университеттердің университеттік автономиясының келісілген моделін әзірлейді.
