"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Оқи берсең, көзің ашылады, Отыра берсең, ұйқы басынады.

Мақал
Факультеттер жаңалықтары
АФ: Дала күні

2025 жылғы 26 маусымда «Сервис-ЖАРС» ЖШС (Қызылжар ауданы, СҚО) өндірістік танаптарында «Солтүстік Қазақстанның орман-дала аймағындағы жайылымдардың ө әрі қарай оқу

ТжӘИ: «Мағжан Жұмабаев: тұлға, әдеби үрдіс және тілтаным» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Тіл және әдебиетинституты «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы 2025 жылдың 19 маусымында көрнекті  әрі қарай оқу

Барлығын оқу

"Ақылды астық қоймасы" - астықты сақтаудың технологиялық процестерін қашықтықтан мониторингілеу, талдау және басқарудың IoT интеграцияланған зияткерлік жүйесі

Басым бағыт: агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі

3637

Жоба жетекшісі: Кошеков К.Т., т.ғ.д., Демьяненко А.В., т.ғ.к.

Жобаны орындаушылар: Курмашев И.Г., т.ғ.к., Тулешов А.К., т.ғ.д., Астапенко Н.В., ТҒ магистрі, Пукема О.Н., ТҒ магистрі, Кошеков А.К., ТҒ магистрі.

Орындалу мерзімі: 2018-2020 жж.

Қаржыландыру көлемі: 69 000 000 теңге.

Жобаның мақсаты: жақсы өнімділікті, ауқымдылықты және жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, астық қоймасының технологиялық процестерін бақылауға, талдауға және басқаруға арналған IoT интеграцияланған зияткерлік жүйесі болып табылатын "ақылды астық қоймасы" инновациялық жүйесін құру. 

Күтілетін нәтижелер: "ақылды астық қоймасы" жобасын іске асыру нәтижесінде жаңа әдістер мен технологияларды: Zigbee сымсыз датчиктерінің желісі бойынша белгіленген параметрлерді автоматты түрде жинау және беруді; нақты уақыт режимінде цифрлық фотограмметрия, жерүсті қашықтықтан зондтау және лазерлік сканерлеу әдістерінің мүмкіндіктерін пайдаланатын 3D-өлшемдерді алудың байланыссыз әдісін қолдана отырып, астықты сақтаудың технологиялық процесін мониторингтеу және басқару міндетін шешу ұсынылатын болады.

Жобаның сипаттамасы: жобада заттар интернетінің (Internet of Things, IoT) қазіргі заманғы технологияларын, бұлтты қосымшаларды, үлкен деректерді сақтау және өңдеу құралдарын (Big-data), бақылау камераларынан бейнелерді танумен 3D-өлшемдерді алу әдістерін, жасанды интеллект элементтерін және есептеу алгоритмдерін қамтитын астық қоймасының технологиялық процестерін мониторингтеудің, талдаудың және басқарудың интеграцияланған зияткерлік жүйесін әзірлеу ұсынылады. Жүйеде Астықтың сандық-сапалық сақталуын 3D-өлшеулер негізінде нақты уақыт режимінде астық беті бедерінің цифрлық моделін талдау көмегімен қамтамасыз ету көзделеді.

Жобаның міндеттері:

−астықты сақтаудың технологиялық процесін бақылаудың, талдаудың және басқарудың зияткерлік жүйелері үшін IoT технологияларын, бұлтты қосымшаларды, Big-data және цифрлық фотограмметрия әдістерін қолдану мүмкіндіктерін талдау;
−инновациялық үлгідегі тәжірибелі астық қоймасын басқару үшін "ақылды астық қоймасы" жүйесін құруға техникалық талаптар мен техникалық тапсырманы әзірлеу;
−жинау және зияткерлік өңдеу алгоритмдері мен әдістерін әзірлеу;
−қоймадағы астық беті бедерінің сандық моделін жасау және талдаудың зияткерлік модулін әзірлеу;
- инновациялық үлгідегі астық қоймасын IoT мониторингілеу, талдау және басқарудың интеграцияланған зияткерлік жүйесін әзірлеу;
−"ақылды астық қоймасы" жүйесінің эксперименттік үлгісіне конструкторлық құжаттама жинағын әзірлеу»;
−"ақылды астық қоймасы" жүйесінің эксперименттік үлгісін дайындау және сынау.