"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Сөз – халықтың қымбаттан қымбат кені.

С. Мұқанов
Факультеттер жаңалықтары
АФ: Дала күні

2025 жылғы 26 маусымда «Сервис-ЖАРС» ЖШС (Қызылжар ауданы, СҚО) өндірістік танаптарында «Солтүстік Қазақстанның орман-дала аймағындағы жайылымдардың ө әрі қарай оқу

ТжӘИ: «Мағжан Жұмабаев: тұлға, әдеби үрдіс және тілтаным» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Тіл және әдебиетинституты «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы 2025 жылдың 19 маусымында көрнекті  әрі қарай оқу

Барлығын оқу

Сәйкестендіру өлшемдері негізінде жер сілкінісінің жедел хабаршыларын іздеудің ақпараттық жүйесін әзірлеу

Басым бағыт: ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер

6566

Жоба жетекшісі: Кошеков К.Т., т.ғ.д.

Жобаны орындаушылар: Курмашев И.Г., т.ғ.к., Кликушин Ю.Н., т.ғ.д., Өзбеков Н. Б., ф.-м. ғ. к., Көшекова Б. В., магистр.

Орындау мерзімі: 2018-2020 жж.

Қаржыландыру көлемі: 62 400 000 теңге.

Жобаның мақсаты: жер сілкіністері болжамының жедел хабаршыларын іздестірудің интеграцияланған ақпараттық жүйесін әзірлеу, оған сейсмограммаларды жинаудың, цифрлық өңдеудің және танудың зияткерлік алгоритмдері және сәйкестендіру өлшемдері теориясын, қазіргі заманғы компьютерлік және сымсыз инфокоммуникациялық технологияларды, машиналарды оқыту алгоритмдері мен әдістерін, BigData қолдана отырып, жер сілкіністерінің жедел хабаршыларын іздестірудің негізінде бағдарламалық қамтамасыз ету кіреді.

Күтілетін нәтижелер: Сейсмограммалардың сәйкестендіру өлшемдері негізінде жер сілкінісінің жедел хабаршыларын іздеу әдістері мен құралдары. Сәйкестендіру өлшемдерін пайдалану тек жер сілкінісінің ғана емес, сонымен қатар басқа апаттардың да жедел хабаршыларын табу және орнату мәселелерін шешу үшін өте қолайлы. Зияткерлік технологияларды қолдану пайдаланушыларға автоматты түрде сарапшылар қабылдаған терминдер бойынша сандық бағалаулар мен лингвистикалық сипаттамалар түріндегі ұсыныстарды береді.

Жобаның сипаттамасы: Жобаның негізгі идеясы сейсмограммалар мен сәйкестендіру өлшемдерін талдау, машиналық оқытудың заманауи әдістері мен BigData негізінде жедел жер сілкінісі прекурсорларын интеллектуалды іздеу үшін жаңа тиімді зияткерлік құралдарды жасау болып табылады.

Жобаның мақсаттары:

−мәліметтерді жинау мен интеллектуалды өңдеудің жоғары тиімді жүйелеріне, нақты уақыт режимінде заманауи компьютерлік және сымсыз инфокоммуникациялық технологияларға, машиналық оқытудың алгоритмдері мен әдістеріне және BigData жүйесіне негізделген ақпаратты іздеу жүйелерін дамытудың дәлелденген әдістері мен технологияларын қолдану;

− аналитикалық әдістерді, имитациялық және компьютерлік модельдеу әдістерін қолдану, бағдарламалық-техникалық құралдарды әзірлеу;

−инфокоммуникациялық технологиялардың әлемдік жетекші өндірушілерінің компьютерлік технологияларын пайдалану.