"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтқырлы ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды.

Әбу Нәсір әл-Фараби
Факультеттер жаңалықтары
АФ: Дала күні

2025 жылғы 26 маусымда «Сервис-ЖАРС» ЖШС (Қызылжар ауданы, СҚО) өндірістік танаптарында «Солтүстік Қазақстанның орман-дала аймағындағы жайылымдардың ө әрі қарай оқу

ТжӘИ: «Мағжан Жұмабаев: тұлға, әдеби үрдіс және тілтаным» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Тіл және әдебиетинституты «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы 2025 жылдың 19 маусымында көрнекті  әрі қарай оқу

Барлығын оқу

Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің электрондық жиынтығын құру және оларды геоақпараттық жүйелердің көмегімен картографиялау

Басым бағыт: "Мәңгілік ел" ғылыми негіздері (XXI ғасырдың білімі, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер)

7374

Жоба жетекшісі: Плешаков А.А., т.ғ.к.

Жобаны орындаушылар: Горбацевич И.В., магистр, Солдатенко Р.Н., магистр, Ковшова Н. С.

Орындау мерзімі: 2018-2020 жж.

Қаржыландыру көлемі: 47 000 000 теңге.

Жобаның мақсаты: Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-мәдени мұра ескерткіштері жинағының электрондық нұсқасын жасау және ГАЖ жүйесіндегі ескерткіштерді картографиялау.

Күтілетін нәтижелер: тарихи-мәдени мұра ескерткіштері бойынша бірыңғай ақпараттық база құру. Қазіргі заманғы геоақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, елдің археологиялық ескерткіштерінің толыққанды цифрлық дерекқорын есепке алу, верификациялау және жасау бойынша зерттеу.

Жобаның сипаттамасы: жобаның идеясы ғылыми айналымға бұрын ғылыми әдебиетте жарияланбаған және Қазақстанның ежелгі бірнеше мыңжылдықтарындағы мәдени-тұрмыстық ғибадат-шаруашылық оқиғаларды қайта жаңғырту үшін ежелгі дәуірлердің құнды материалдық айғақтарын білдіретін жаңа археологиялық дереккөздерді енгізуге бағытталған. Бұл жұмыс әртүрлі сақтау орындарында орналасқан, бірақ әртүрлі объективті және субъективті себептер бойынша жариялау мүмкіндігін алмаған археологиялық коллекциялар материалдарын ғылыми айналымға енгізуге мүмкіндік береді.

Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері туралы ақпаратты өлке тарихын насихаттау және ескерткіштерді қорғау мақсатында тұтынушылардың кең ауқымына қолжетімді ету.

Жобаның міндеттері:

−Солтүстік Қазақстан ескерткіштері материалдарының ғылыми жарияланымдарына дайындау үшін әртүрлі мәдениет және білім беру мекемелерінің қорларындағы археология коллекцияларын, олардың ғылыми сипаттамасын, суреттемесін және фотосуретін зерделеу;

−археология, тарихи ескерткіштер, монументтік өнер және сәулет ескерткіштері туралы ақпарат жинау;

−тарихи-мәдени мұра объектілерінің координаттарын анықтау және оларды ГАЖ жүйесіндегі карталарға салу;

−Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-мәдени мұра ескерткіштері жинағының сайтын құру және оны Интернет кеңістікте орналастыру.