Үміткерлерге қойылатын талаптар
Докторантураға «магистр» академиялық дәрежесі және кемінде 9 (тоғыз) ай жұмыс өтілі бар немесе медициналық мамандықтар бойынша резидентурада оқуын аяқтаған тұлғалар қабылданады.
1-қадам. Өтініштерді қабылдау |
Мерзімдері
Докторантураға қабылдау түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Түсу емтихандарын қайта тапсыруға жол берілмейді.
Докторантураға түсушілердің өтініштерін қабылдауды қабылдау комиссиялары және (немесе) ҰТО ақпараттық жүйесі арқылы мынадай мерзімдерде жүргізеді:
Өтініш беру жөніндегі Нұсқаулық
Докторантураға «Педагогикалық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары», «Математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» Білім беру салаларының білім беру бағдарламаларының топтарына, сондай-ақ «Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар», «Бизнес және басқару» кадрларын даярлау бағыттарына түсетін адамдар, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтары бойынша блок тапсырады, стандартталған Graduate Record Examinations (грэдуэйт рекорд экзаменейшен) GRE тестін тапсыру туралы халықаралық сертификат болған жағдайда эссе жазудан және докторантураға оқуға дайындығын анықтауға арналған тесттен босатылады.
Стандартталған GRE тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар адамдар түсу емтиханына және конкурсқа қатысу үшін өтініш берген кезде деректерді енгізуі керек.
Қабылдау комиссиясы:
Мекен-жайы: Петропавл қ., Жұмабаев к-сі, 114, №6 оқу корпусы, ауд. 118
Қабылдау комиссиясының телефоны: 8 (7152) 493037
Жұмыс режимі: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, құжаттарды қабылдау кезеңінде - демалыссыз
Құжаттар тізімі:
6. № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген Электрондық форматтағы 075/е нысаны бойынша Медициналық анықтама. Шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралар алынып тасталуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады;
7. өлшемі 3x4 сантиметр болатын алты фотосурет;
8. шетелдік азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат;
9. соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдардың тізімі, зерттеу жүргізу жоспары (бар болса);
10. алдын ала іріктеу нәтижелері ("Денсаулық сақтау" білім беру саласы бойынша);
! 4), 5) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады.
! Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж институшинал тестинг програм) (TOEFL ITP) (ТОЙФЛ АЙТИПИ) сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді (бұдан әрі – қосымша тестілеу) тапсырады.
Докторантураға түсу үшін ағылшын тілін білу деңгейін анықтауға арналған қосымша тестілеуге қатысу үшін тіркеу app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі.
2-қадам. Қабылдау емтиханы |
Докторантураға білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандары келесі мерзімдерде өткізіледі:
4-20 тамыз аралығында өткізілген түсу емтиханының сертификаты ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін жарамды; 19 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өткізілген түсу емтиханының сертификаты келесі күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейін жарамды.
Докторантураға түсу емтиханына 4 сағат (240 минут) беріледі, оның ішінде:
Компьютерлік форматтағы докторантураға түсу емтиханы келесі блоктардан тұрады (max 100 балл):
Қорытынды баға эссені бағалау нәтижелерін, докторантурада оқуға дайындық тестін, білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауап беру және оқуға түсушімен әңгімелесу қорытындыларын жинақтау арқылы алынған баллдар жиынтығы болып табылады.
! Докторантураға түсетін адамдар үшін әңгімелесу «Эссе жазу», «ОДТ» және «Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптар» блоктары бойынша түсу емтихандарын өткенге дейін онлайн форматта жүзеге асырылады.
3-қадам. Қабылдау |
Докторантураға қабылдау келесі мерзімдерде жүргізіледі:
Адамдарды докторантураға қабылдау шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат негізінде және докторантураның білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша түсу емтиханының қорытындысы бойынша және ықтимал 100 балдан кемінде 75 балл жинаған халықаралық сертификат негізінде жүзеге асырылады.
Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, докторантураға қабылдау кезінде басым құқықты білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша түсу емтиханының неғұрлым жоғары бағасы бар адамдар алады.
Содан кейін эссе үшін ұпайлар, оқуға дайындық сынағы үшін ұпайлар, білім беру бағдарламасының профиліне сәйкес келетін ғылыми жетістіктер ескеріледі:
Докторантураға түсетін адамдардан апелляцияға өтініш апелляциялық комиссия төрағасының атына түсушілердің жеке өзіне немесе ҰТО ақпараттық жүйесі арқылы беріледі.
Өтініштер докторантураға түсу емтиханының, шығармашылық емтихандардың және КТ нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00 - ге дейін қабылданады және өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде ЖЖОКБҰ апелляциялық комиссиясымен қаралады.