"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Білім - бәрі ұмытылғаннан кейін баста қалатыны

Даниил Александрович Гранин
Факультеттер жаңалықтары
АФ: Дала күні

2025 жылғы 26 маусымда «Сервис-ЖАРС» ЖШС (Қызылжар ауданы, СҚО) өндірістік танаптарында «Солтүстік Қазақстанның орман-дала аймағындағы жайылымдардың ө әрі қарай оқу

ТжӘИ: «Мағжан Жұмабаев: тұлға, әдеби үрдіс және тілтаным» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Тіл және әдебиетинституты «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы 2025 жылдың 19 маусымында көрнекті  әрі қарай оқу

Барлығын оқу

Рекуперативті жетегі бар дебиті аз мұнай-газ ұңғымаларында көмірсутектерді өндірудің жоғары өнімді терең-сорғы кешенін лазерлі-плазмалық дайындаудың жаңа энергия тиімді технологиясын әзірлеу және енгізу

ИРН AP08856129 жобасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің гранты бойынша орындалды.

  

Жоба жетекшісі: Савинкин В.В., т.ғ.к., қауымдастырылған профессор, эл. пошта cavinkin7@mail.ru

Жобаны орындаушылар: Тюканько В.Ю., т.ғ.к., Луцак С.М., PhD докторы, Сеитова А.Т., магистр, Колисниченко С.Н., магистр.

Орындау мерзімі: 2020-2022 жж.

Қаржыландыру көлемі: 58 345 170 теңге.

Жобаның мақсаты: Узень, Тенгиз, Карамандыбас және т.б. шағын дебитті мұнай-газ ұңғымаларында көмірсутектер өндіруді басқарудың бейімделген жүйесі бар жоғары өнімді сындарлы-технологиялық терең өндіру кешенін құру, мұнай өндіретін машина жасаудың әлемдік нарығында Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Күтілетін нәтижелер: жоба нәтижелері бойынша ШГН лазерлі-плазмалық дайындалған конструкциясының сапасын бағалау және ресурстық ұзақ мерзімділігіне сараптама бойынша ғылыми-әдістемелік құжаттама әзірленетін болады. ШГН өндіру кешенін жобалаудың және дайындау технологиясының оңтайлы параметрлерін негізделген таңдау бойынша ғылыми-техникалық құжаттама әзірленді. Өнімділігі жоғары қарнақты терең сорғы кешенін ойлап табуға Еуропалық патент және лазерлік дайындау технологиясына шетелдік патент алу.

Жобаның сипаттамасы: жобаны іске асыру ШГН жұмыс процесінің заңдылықтарын кешенді бағалаудың ғылыми-әдістемелік базасын құру, өнімділікті арттырудың және мұнай өнімдерінің ысырабын азайтудың отандық конструктивтік-технологиялық әдістерін әзірлеу және енгізу, ШГН-ның механикалық және су-тұз қоспаларымен ластануымен күресу мақсатында сорғы жабдығының істен шығуының себеп-салдарлық байланысын анықтау және жүйелеу қажеттілігінде ғылыми проблеманы шешуге мүмкіндік береді. Лазерлі дайындаудың әзірленген технологиясы ШГН жұмыс ресурсын 18% - ға арттыруға мүмкіндік береді.

Жоба, ШГН энергиялық тиімді конструктивтік-технологиялық кешендерін өндіруде мұнай-газ өнеркәсібі қажеттілігінің практикалық проблемасын шешеді.

 Мақаланың халықаралық дәйексөз базаларында жариялануы SCOPUS: Savinkin, V.V.Kolisnichenko, S.N.Sandu, A.V.Vizureanu, P.Zhumekenova, Z.Z.Investigation of the strength parameters of drilling pumps during the formation of contact stresses in gears. Applied Sciences (Switzerland) this link is disabled, 2021, 11(15), 7076. Multidisciplinary Digital Publishing Institute (MDPI). E-ISSN: 2076-3417. Materials Science General Materials Science. Q2, Процентиль по CiteScore Scopus-71