"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас, Үйретуден балаға.

Абай Құнанбайұлы
Факультеттер жаңалықтары
ТЭҚФ: СҚО Әділет департаменті "Заң және тәртіп" идеологиясы аясында ТЭжҚФ-тің студенттерге дәріс өткізді

2025 жылдың 2 желтоқсанында Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті "Заң және тәртіп" идеологиясын жүзеге асыру аясында студенттерге дәріс ө әрі қарай оқу

ТЭҚФ: М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Қазақстан Президентінің стратегиясын жүзеге асырады

Кеше, 2025 жылғы 31 қазанда Астанада "Қазақстан — академиялық білім беру аумағы" халықаралық стратегиялық әріптестер форумы өтті, онда Қазақстан Респу әрі қарай оқу

Барлығын оқу

«Шертер» фольклорлық-этнографиялық ансамблі

1999 жылы «Шертер» фольклорлық-этнографиялық ансамблі ұйымдастырылды. Ансамбльдің алғашқы жетекшісі аға оқытушы Мұхатаева Ж.А. болды, ол ұжымның орындалу бағытын анықтады: қазақ халқының және кәсіби музыканы әйгілеу, бұрынғы қазақ халқының аспаптарының дыбысталуын жандандыру. 2004 жылдан ансамбль жетекшісі Ж.Кабдулбариев болды, ол ансамбльге ежелгі қазақ музыкалық аспаптарын енгізді: сазсырнай, адырна, сыбызғы, сақпан, қыл қобыз, шаңқобыз, дабыл, дауылпаз, асатаяқ, тұяқтас. Ансамбльге жетіген аспабын енгізгеннен кейін жаңа дыбыс пайда болып, дыбысталуға жаңа әуен берді. Бұл аспапта жеке орындауға арналған жаңа пьесалар таңдалып алынды.
Шығармашылық ұжымда ұлы сазгерлердің күйлері –Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Сүгір, сонымен қатар, танымал, сүйікті халық әндерін Ж.Мұхатаева мен Ж.Кабдулбариев өңдеп, ансамбльге ұсынады. 2010 жылы ансамбль жетекшісі сазды-педагогикалық факультеттің түлегі А.Кереева болды. 2011 жылы ансамбль жетекшілігін Ж.Кабдулбариев қайта алды.

Ансамбльге "Музыкалық білім" және "Мәдени тынығу жұмысы" білім беру бағдарламалары бойынша оқитын барлық курс студенттері және әр түрлі ұлттардың студенттері қатысады. Мұнда олар қазақ халық аспаптарында ойнауда кәсіби дағдыларға ие болады. Жыл сайын ансамбль репертуары жаңартылып, кеңейтіліп, украин, орыс халық әндері тақырыптарына пьесалар, жақын және алыс шетел композиторларының шығармалары (И. Брамс, П. Чайковский, Е. Дога, С. Рахманинов) пайда болады.

"Шертер" ансамблі Жастар форумында, университет пен қаланың концерттік алаңдарында өнер көрсетті, облыстық және қалалық байқаулар мен фестивальдарға қатысты. 2008 жылы облыстық "Атамұра" қазақ мәдениеті фестивалінің лауреаты.

2019 жылы ансамбль құрылғанына 20 жыл толды. Мерекелік концерт университеттің бас сахнасында өтті, оған әр жылдардағы түлектер мен "Музыкалық пәндер" кафедрасының студенттері қатысты.

Басшының байланыс деректері:

Жауап:– 8 705 120 7529

«Шертер» ансамблі Жастар форумына, қала және университет концерттеріне, облыстық және қалалық байқаулар мен фестивальдарға қатысады. 2008 жылы «Атамұра» қазақ мәдениетінің облыстық фестивалінің лауреаты болды.

Жетешінің байланыс деректері: Мухатаева Жанар Ахангалиевна – 8 705 120 7529