- Университетте 1378 жатын орынмен қамтылған 3 студенттік жатақхана мен 10 корпус (тұрғын бөлмелері бар) бар, олардың тұрғын ауданы 8008,6 м2 құрайды.
- Барлық жатақханаларда душ бөлмелері, кір жуғыш машина-автомат орнатылған, асүйлер электр плиталарымен жабдықталған, Интернетке (Wi-Fi) тегін қол жеткізу мүмкіндігі берілген.
- № 2 жатақхана ғимаратында күрес залы, гір көтеру залы, шаңғы базасы орналасқан.
- №1 және №2 жатақханаларда асхана орналасқан.
- Барлық жатақханаларда картамен турникеттер арқылы өткізу режимі сақталады.
- №1 жатақханада полицияның тірек пункті орналасқан, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізіледі.
Студенттік жатақханаларда бос төсек-орындардың болуы туралы ақпарат
Жатақхана |
Жобалыққуаты,төсек-орын
|
Тұрғынауданы, м2
|
№ 1 жатақхана |
306 |
1618,1 |
№ 2 жатақхана |
448 |
2525,4 |
№ 3 жатақхана |
360 |
2239,2 |
Тұрғынқабаттары бар № 10 ғимарат |
264 |
1625,9 |
Барлығы |
1378 |
8008,6 |
Студенттік жатақханаларға қатысты нормативтік құжаттама:
- «М. Қозыбаева тындағы СҚУ» КеАҚ студенттік жатақханалары туралы ережесі
- «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КеАҚ студенттік жатақханаларында тұру туралы келісім
2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНА ЖАТАҚХАНАҒА ОРНАЛАСУ, ТҰРУ ТӨЛЕМІ
«М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КеАҚ білім алушыларды жатақханаға студенттік жатақханалары туралы Ережеге сәйкес белгіленген санитарлық нормаларды сақтай отырып орналастырады.
Студенттердің орналасуы тамыздың соңғы онкүндігінде өткізіледі.
Жатақханаға орналасу үшін сізге ҚАЖЕТ:
- Жеке деректерді толтырып және жатақханадан орын алу конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттарды тіркей отырып, онлайн өтінім беру (http://external.nku.edu.kz/);
- Өтінім мақұлданған жағдайда білім алушының көрсетілген электрондық поштасына жатақхана мен бөлме нөмірі көрсетілген жолдама келіп түседі;
- №2 жатақханада (тек орналастыру сәтінде), немесе Универсальная көшесі, 3а мекенжайы бойынша СҚО бойынша дезинфекция орталығының қызметкерлерінен педикулез бен қышымаға медициналық тексеруден өту және тиісті анықтама алу.
- Көрсетілген жатақхана бойынша басып шығарылған жолдамамен және дезинфекция орталығының анықтамасымен келуге, одан әрі сәйкестендіру үшін қызметкерлерге жеке куәлігін көрсетуге, Жатақханада тұру туралы келісіммен танысуға және ерікті студенттер мен коменданттың көмегімен барлық қажетті құжаттарды толтыруға міндетті.
- Сол жерде ерікті студенттермен «Kaspi Bank» АҚ немесе «Банк ЦентрКредит» АҚ мобильді қосымшалары арқылы жатақханада тұрғаны үшін төлем жасау керек. Қосымшалар болмаған жағдайда, Интернациональная көшесі, 24 мекен-жайындағы «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың филиалында орналасқан терминал арқылы қолма-қол ақшамен төлеуге болады.
Студенттік жатақханаларда тұру құны
№ |
|
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылар үшін (грант) |
Ақылы негізде оқитындар үшін
|
Медициналық мамандықтардағы шетелдік білім алушылар үшін
|
«Foundation» факультетінің тыңдаушылары үшін
|
1 |
№1 жатақхана |
5900тг. |
12000тг. |
15000тг. |
5900тг. |
2 |
№2 жатақхана |
4200тг. |
3 |
№3 жатақхана |
6900тг. |