Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Жоғары оқу орнына қабылдау

Университетке қабылдау үшін талапкер 10 тамыз бен 25 тамыз аралығында қабылдау комиссиясына келесі құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады:

  • оқуға түсу өтініші;
  • жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа);
  • жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
  • өлшемі 3х4 сантиметр болатын 6 фотосурет;
  • 075/е нысаны бойынша Медициналық анықтама;
  • ҰБТ сертификаты;
  • ведомостан үзінді (арнаулы және (немесе) шығармашылық даярлықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша, оның ішінде "Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау" білім беру салалары бойынша түсушілер үшін);
  • білім беру грантын беру туралы электрондық куәлік (бар болса);
  • басым құқықтың және квотаның берілгенін растайтын құжаттар (бар болса).

Оқуға түсу үшін талапкер университетпен білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт жасасуға міндетті. Егер оқуға түсуші 18 жасқа толмаған болса, онда білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт жасасу кезінде оның заңды өкілінің немесе кепілгерінің болуы міндетті. Оқуға түсуші өкілінің өзімен бірге жеке куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі, сондай-ақ құжаттарды тікелей университеттің қабылдау комиссиясында ресімдеу кезінде оның заңды өкіл ретіндегі құқықтарын растайтын құжаттары болуы қажет.

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар оқытудың бірінші академиялық кезеңі ішінде адамдарды қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құжаттарды тану рәсімінен өтеді.