Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Факультеттер жаңалықтары
МФ: Мәңгілік ел - менің елім!

Алғыс айту күнін тойлау соңында 28.02.2025 жылғы ОЗК-дағы медицина факультеті «Мәңгілік ел - менің елім!» квестін ұйымдастырды, Квестке фа әрі қарай оқу

28 ақпан 2025
МФ: Check out - Өзіңізді тексеріңіз!

28.02.2025 жылы № 2 ҚК-де Алғыс айту күніне орайластырылған «Клиникалық пәндер» кафедрасының оқытушылары В.Н.Мальвенов, М.И.Әлиева және 7 әрі қарай оқу

28 ақпан 2025
ТжӘИ: Облыстық олимпиада

27 ақпан күні Тіл және әдебиет институының ұйымдастыруымен пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиада мақсаты– Тілдік пәндерге деген қызығушылықтарын әрі қарай оқу

28 ақпан 2025
ТЭҚФ: ТЭжҚФ-тегі Алғыс айту күні

2025 жылдың 28 ақпанында Тарих, экономика және құқық факультетінде Алғыс айту күніне арналған іс-шаралар өтті. Деканның тәрбие работе жөніндегі орынба әрі қарай оқу

28 ақпан 2025
FEDT: Ақпан айында Ашық есік күндері инженерлік және цифрлық Факультет!

Kozybayev University-де Ашық есік күндері өте белсенді өтуде! Оқушылар конкурстарға белсенді қатысады, заманауи жабдықтары бар факультеттердің жаңа зе әрі қарай оқу

27 ақпан 2025
ТЭҚФ: ТЭжҚФ-те қаржылық сауаттылық бойынша дәріс және семинар өтті

2025 жылғы 24 ақпанда тарих, экономика және құқық факультетінде қаржылық сауаттылық мәселелеріне арналған іс-шаралар өтті. Қонақ дәріскер ретінде Қарж әрі қарай оқу

26 ақпан 2025
МФ: «Харви» манекеніндегі олимпиаданың екінші туры

Оқу зертханалық корпусда медицина факультеті Олимпиаданың екінші туры Харви манекенінде өтті. Харви манекені кардиологиялық пациентті физикалық тексер әрі қарай оқу

21 ақпан 2025
МФ: Шекарасыз алғыс

  20.02.2025 жылы «Клиникалық пәндер» кафедрасында Қазақстандағы Алғыс айту күнін мерекелеуге орайластырылған «Шекарасыз алғыс әрі қарай оқу

20 ақпан 2025
МФ: «Future medicine» клиникалық пәндер бойынша олимпиада

07.02 бастап 14.02 бойынша медицина факультетінде «Future medicine» клиникалық пәндер бойынша олимпиада өткізілді. Олимпиаданың негізгі м әрі қарай оқу

14 ақпан 2025
МФ: Алғыс айту күніне арналған кураторлық сағат

Медицина факультетінің Алғыс айту күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Іргелі медицина» кафедрасының меңгерушісі Берденов Д.К, жә әрі қарай оқу

13 ақпан 2025
Барлығын оқу

"FOUNDATION" факультеті

«Foundation» факультеті уақыттың сын-тегеуіріне сай келетін, жаңа форматтағы білім беру ортасын құру мақсатында, 2016 жылы университеттің дайындық бөлімінің базасында құрылған.

«Foundation» факультеті:

  1. Ұлты қазақ шетел азаматтарын мемлекеттік білім беру тапсырысы және ақылы негізде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына оқуға ұлттық бірыңғай тест тапсыру арқылы дайындауды жүзеге асырады;
  2. Қазақстан Республикасының азаматтарын жоғары оқу орындарына педагогикалық бағытқа (физика мұғалімдерін даярлау, информатика мұғалімдерін даярлау, биология мұғалімдерін даярлау, химия мұғалімдерін даярлау) түсу үшін ҰБТ пәндерін тереңдетіп оқыту арқылы талапкерлердің білім деңгейін арттыру саласында сапалы білім беру қызметтерін көрсетеді;
  3. Мектеп оқушыларын ҰБТ пәндеріне кешкі дайындық курстары арқылы дайындап, талапкерлер ортасын қалыптастырады.

 Факультет әлеуметтік желілерде:

ФАКУЛЬТЕТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

 

 

 

 

Мекен-жайы: Петропавл қ., Интернационал к-сі, 26

Оқытушылар кабинеті: 204 ауд., 5 корпус

Деканаттың телефоны: +7 (7152) 490093

 

Факультет әкімшілігі

khamzina

 

Хамзина Гульбарам Саятовна

Факультет ДЕКАНЫ

Филология ғылымдарының кандидаты

phone  +7 (7152) 493202, ішкі 1217
address 206, 5 корпус
email gshamzina@ku.edu.kz

iskakova  

Смайл Насихат Бекарысқызы

Деканның орынбасары

phone  +7 (7152) 490093, қос. 1220
address 206, 5 корпус
email nbsmajl@ku.edu.kz

  nabi  

Нәби Ақбаян Аманжолқызы

Әдіскер

phone  +7 (7152) 490093, қос. 1220
address 206, 5 корпус
email  

 


2024-2025 оқу жылына ҚАБЫЛДАУ


Факультеттегі оқу үдерісі күндізгі оқу формасында қазақ тілінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, сондай-ақ ақылы негізде жүзеге асырылады. Оқу жылы  1 қазаннан басталып, оқыту мерзімі 9 айды құрайды.

Дайындық курстарының тыңдаушылары жатақханамен қамтамасыз етіледі, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын тыңдаушылар шәкіртақы алады. Оқыту аяқталған соң ҰБТ нәтижесіне қарай мемлекеттік білім беру грантына конкурстық негізде ҚР жоғарғы оқу орындарында білім алу құқығына ие болады.

Оқу жылы барысында тыңдаушылар келесі міндетті пәндерді оқиды (ұлты қазақ шетел азаматтары):

  • Оқу сауаттылығы;
  • 2 бейіндік пән.

Қосымша пәндер:

  • Қазақстан тарихы;
  • Орыс тілі;
  • Дене шынықтыру;
  • Іскери қазақ тілі.

Оқу жылы барысында тыңдаушылар келесі пәндерді оқиды (ҚР азаматтары):

  • Оқу сауаттылығы;
  • Қазақстан тарихы;
  • Математикалық сауаттылық;
  • Ағылшын тілі;
  • 2 бейіндік пән (Химия-Биология, Математика-Физика, Математика-Информатика).

Оқу үдерісімен қатар «Foundation» факультетінің тыңдаушылары университеттің спорттық жарыстар, КВН, Наурыз мейрамы, конференциялар, тақырыптық семинарлар және Республикалық, облыстық, қалалық  түрлі іс-шараларына белсенді қатысады.

Жаңа ортаға бейімделу шаралары, ұтымды психологиялық климат, университеттің дамыған инфрақұрылымы, оның ыңғайлы орналасуы – осының барлығы «Foundation» факультетінің дайындық курстарында оқуды таңдауға мүмкіндік береді.

Бейіндік пәндер комбинациясы

1 бейіндік пән

2 бейіндік пән

Математика

Физика 

Математика 

Информатика 

Математика

География  

Биология

Химия   

Биология

География 

Шет тілі

Дүниежүзі тарихы 

География

Шет тілі

Дүниежүзі тарихы 

Құқық

Дүниежүзі тарихы 

География

Қазақ тілі/орыс тілі Қазақ әдебиеті/орыс әдебиеті
Химия  Физика 
Шығармашылық Шығармашылық

Дайындық курстарына қабылдау шарттары

Дайындық курстарына қабылданады:

  • мектеп түлектері;
  • колледж түлектері.

Ұлты қазақ шетел азаматтары үшін дайындық курстарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл білім беру грантына ие болу үшін үміткерлер ағымдағы жылдың 5 тамызы мен 5 қыркүйегі аралығында ЖОО арқылы тиісті құжаттарды қағаз жүзінде немесе электронды форматта өткізіп, өтініш беру керек. 10-15 қыркүйек аралығында әр ЖОО қабылдаған ішкі ережеге сәйкес конкурстық негізде қабылдаудан өтеді.

Ақылы негізде оқуды қалайтын үміткерлер де жоғарыдағы тәрітппен қабылданады.


Қазақстан Республикасының азаматтарын дайындау үшін тілдік курстар 

«Foundation» факультетіне оқуға орта, орта арнайы, техникалық және кәсіби білімі бар барлық тұлғалар қабылданады. 

Күшейтілген тілдік дайындық курсында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқу үшін «Ағылшын тілі» және жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Биология», «Физика», «Химия», «Информатика» пәндерінің бірінен тест тапсыру арқылы конкурстық негізде қабылданады. Бұл білім беру грантына ие болу үшін үміткерлер ағымдағы жылдың 5 тамызы мен 5 қыркүйегі аралығында ЖОО арқылы тиісті құжаттарды өткізіп, өтініш беру керек. 10-15 қыркүйек аралығында әр ЖОО қабылдаған ішкі ережеге сәйкес конкурстық негізде қабылдаудан өтеді.

Күшейтілген тілдік курс тыңдаушылары 9 ай «Foundation» факультетін оқып аяқтаған соң Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып педагогикалық бағыттың шектік ұпайынан асса “Ағылшын тілі» пәнінен тест тапсырып, 50% жинаған жағдайда бейіні бойынша педогогикалық бағыттың білім беру бағдарламалар тобын таңдап мемлекеттік білім беру грантына үміткер бола алады.  

«Foundation» факультетінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын тыңдаушыларға республикалық бюджет есебінен шәкіртақы төленеді. Басқа қалалардан келген тыңдаушыларға университет жатақханадан орынмен қамтамасыз етеді. «Foundation» факультетінің тыңдаушыларына күндізгі оқу бөлімінің тыңдаушылары болғандықтан қарастырылған жеңілдіктерді қолдануға мүмкіндік беретін «Тыңдаушы билеті» беріледі.


Кешкі дайындық  курстары

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан  университетінің «Foundation»  факультетінде ҰБТ  тапсыру үшін қажетті барлық пәндер бойынша  дайындық жүргізілетін кешкі дайындық курстары өткізіледі. 

Кешкі дайындық курстарында оқу ақылы, оқу бағасы 3 ай мерзімге бірден қабылданады және таңдаған пәндер санына байланысты, яғни 1, 2, 3 немесе барлық бес пәнге жазылуға болады. Сабақтар дәрістік-практикалық үлгіде мемлекеттік және орыс тілдерінде абитуриенттерді дайындау тәжірибесі мол оқытушылармен жүргізіледі. Тыңдаушылардың білімін бақылау үшін үнемі байқау сынақтары өткізіліп отырады.

Оқу жылының ақпан-мамыр айларында 3 ай мерзімге кешкі дайындық курстары (әр пәнге оқу тіліне байланысты 10 тыңдаушы жиналған жағдайда) ашылады.  

Кешкі дайындық курстарына жазылу немесе қосымша ақпаратты келесі телефондар бойынша алуға болады:

Мекенжайы: Петропавл қ-сы, Интернационал к-сі, 26, №5 оқу корпусы, кабинет № 206

тел: +7 (7152) 490093, ұялы телефон нөмірі: +7 701 164 6596, +7 747 300 9507, +7 776 113 5011

«Foundation» факультетіне қабылдау үшін қажетті құжаттар:

·                   Ректордың атына өтініш

·                   Жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі

·                   Орта, орта кәсіптік білім туралы құжат пен қосымшасының түпнұсқасы

·                   3х4 форматындағы 6 фото

·                   086-У нысанындағы медициналық анықтама