Алғыс айту күнін мерекелеу қарсаңында, 2026 жылғы 27 ақпанда тарих, экономика және құқық факультетінде студенттерін, оқытушылары мен қызметкерлерін бі әрі қарай оқу
Сөздәйектер галереясы
Білім - бұл сұраққа жауап емес. Білім барлық сұрақтарға жауап табуға үйретеді
Факультеттер жаңалықтары
2026 жылғы 27 ақпанда Алғыс айту күнін мерекелеу қарсаңында тарих, экономика және құқық факультетінде «Күміс университет» жобасы аясында курс тыңдаушы әрі қарай оқу
2026 жылғы 27 ақпанда тарих, экономика және құқық факультетінде «Foundation» бағдарламасының студенттерімен және болашақ талапкерлермен кәсіби бағдар әрі қарай оқу
2026 жылғы 27 ақпанда 7-курс студенттері куратор М. Мурзабаеваның жетекшілігімен Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар аясында Полудино ау әрі қарай оқу
2026 жылғы 24 ақпанда Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі КГУ «СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» базасын әрі қарай оқу
25.02.2026 жылы медициналық факультет базасында оқытушылар мен студенттерге арналған «Қазақстандағы қайтыс болғаннан кейінгі донорлық: өмірді сақтап қ әрі қарай оқу
2026 жылғы 19 ақпанда тарих, экономика және құқық факультетінің студенттері «Нашақорлыққа жол жоқ!» «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндег әрі қарай оқу
2026 жылғы 19 ақпанда тарих, экономика және құқық факультетінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы түсіндірілді. Іс-шара Ж-23, Ж-2 әрі қарай оқу
2026 жылғы 19 ақпанда медициналық факультеттің 4 және 7 курс студенттері қайырымдылық акциясын өткізіп, Петропавл қаласындағы Балалар үйіне барды. Бас әрі қарай оқу
Kozybayev Alumni түлектер қауымдастығының қызметі аясында тарих, экономика және құқық факультетінде әртүрлі ұрпақ түлектерін біріктіру үшін маңызды ал әрі қарай оқу
"FOUNDATION" факультеті
|
«Foundation» факультеті уақыттың сын-тегеуіріне сай келетін, жаңа форматтағы білім беру ортасын құру мақсатында, 2016 жылы университеттің дайындық бөлімінің базасында құрылған. «Foundation» факультеті:
Факультет әлеуметтік желілерде: |
Мекен-жайы: Петропавл қ., Интернационал к-сі, 26 Оқытушылар кабинеті: 204 ауд., 5 корпус Деканаттың телефоны: +7 (7152) 490093
|
Факультет әкімшілігі
![]() |
|
Хамзина Гульбарам Саятовна Факультет ДЕКАНЫ Филология ғылымдарының кандидаты
|
![]() |
Журабекова Элмира Бахромқызы Деканның орынбасары
|
![]() |
Шыман Ғалия Кадірхожақызы Әдіскер
|
Факультеттегі оқу үдерісі күндізгі оқу формасында қазақ тілінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, сондай-ақ ақылы негізде жүзеге асырылады. Оқу жылы 1 қазаннан басталып, оқыту мерзімі 9 айды құрайды.
Дайындық курстарының тыңдаушылары жатақханамен қамтамасыз етіледі, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын тыңдаушылар шәкіртақы алады. Оқыту аяқталған соң ҰБТ нәтижесіне қарай мемлекеттік білім беру грантына конкурстық негізде ҚР жоғарғы оқу орындарында білім алу құқығына ие болады.
Оқу жылы барысында тыңдаушылар келесі міндетті пәндерді оқиды (ұлты қазақ шетел азаматтары):
- Оқу сауаттылығы;
- 2 бейіндік пән.
Қосымша пәндер:
- Қазақстан тарихы;
- Орыс тілі;
- Дене шынықтыру;
- Іскери қазақ тілі.
Оқу жылы барысында тыңдаушылар келесі пәндерді оқиды (ҚР азаматтары):
- Оқу сауаттылығы;
- Қазақстан тарихы;
- Математикалық сауаттылық;
- Ағылшын тілі;
- 2 бейіндік пән (Химия-Биология, Математика-Физика, Математика-Информатика).
Оқу үдерісімен қатар «Foundation» факультетінің тыңдаушылары университеттің спорттық жарыстар, КВН, Наурыз мейрамы, конференциялар, тақырыптық семинарлар және Республикалық, облыстық, қалалық түрлі іс-шараларына белсенді қатысады.
Жаңа ортаға бейімделу шаралары, ұтымды психологиялық климат, университеттің дамыған инфрақұрылымы, оның ыңғайлы орналасуы – осының барлығы «Foundation» факультетінің дайындық курстарында оқуды таңдауға мүмкіндік береді.
Бейіндік пәндер комбинациясы
|
1 бейіндік пән |
2 бейіндік пән |
|
Математика |
Физика |
|
Математика |
Информатика |
|
Математика |
География |
|
Биология |
Химия |
|
Биология |
География |
|
Шет тілі |
Дүниежүзі тарихы |
|
География |
Шет тілі |
|
Дүниежүзі тарихы |
Құқық |
|
Дүниежүзі тарихы |
География |
| Қазақ тілі/орыс тілі | Қазақ әдебиеті/орыс әдебиеті |
| Химия | Физика |
| Шығармашылық | Шығармашылық |
Дайындық курстарына қабылдау шарттары
Дайындық курстарына қабылданады:
- мектеп түлектері;
- колледж түлектері.
Ұлты қазақ шетел азаматтары үшін дайындық курстарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл білім беру грантына ие болу үшін үміткерлер ағымдағы жылдың 5 тамызы мен 5 қыркүйегі аралығында ЖОО арқылы тиісті құжаттарды қағаз жүзінде немесе электронды форматта өткізіп, өтініш беру керек. 10-15 қыркүйек аралығында әр ЖОО қабылдаған ішкі ережеге сәйкес конкурстық негізде қабылдаудан өтеді.
Ақылы негізде оқуды қалайтын үміткерлер де жоғарыдағы тәрітппен қабылданады.
Қазақстан Республикасының азаматтарын дайындау үшін тілдік курстар
«Foundation» факультетіне оқуға орта, орта арнайы, техникалық және кәсіби білімі бар барлық тұлғалар қабылданады.
Күшейтілген тілдік дайындық курсында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқу үшін «Ағылшын тілі» және жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Биология», «Физика», «Химия», «Информатика» пәндерінің бірінен тест тапсыру арқылы конкурстық негізде қабылданады. Бұл білім беру грантына ие болу үшін үміткерлер ағымдағы жылдың 5 тамызы мен 5 қыркүйегі аралығында ЖОО арқылы тиісті құжаттарды өткізіп, өтініш беру керек. 10-15 қыркүйек аралығында әр ЖОО қабылдаған ішкі ережеге сәйкес конкурстық негізде қабылдаудан өтеді.
Күшейтілген тілдік курс тыңдаушылары 9 ай «Foundation» факультетін оқып аяқтаған соң Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып педагогикалық бағыттың шектік ұпайынан асса “Ағылшын тілі» пәнінен тест тапсырып, 50% жинаған жағдайда бейіні бойынша педогогикалық бағыттың білім беру бағдарламалар тобын таңдап мемлекеттік білім беру грантына үміткер бола алады.
«Foundation» факультетінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын тыңдаушыларға республикалық бюджет есебінен шәкіртақы төленеді. Басқа қалалардан келген тыңдаушыларға университет жатақханадан орынмен қамтамасыз етеді. «Foundation» факультетінің тыңдаушыларына күндізгі оқу бөлімінің тыңдаушылары болғандықтан қарастырылған жеңілдіктерді қолдануға мүмкіндік беретін «Тыңдаушы билеті» беріледі.
Кешкі дайындық курстары
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің «Foundation» факультетінде ҰБТ тапсыру үшін қажетті барлық пәндер бойынша дайындық жүргізілетін кешкі дайындық курстары өткізіледі.
Кешкі дайындық курстарында оқу ақылы, оқу бағасы 3 ай мерзімге бірден қабылданады және таңдаған пәндер санына байланысты, яғни 1, 2, 3 немесе барлық бес пәнге жазылуға болады. Сабақтар дәрістік-практикалық үлгіде мемлекеттік және орыс тілдерінде абитуриенттерді дайындау тәжірибесі мол оқытушылармен жүргізіледі. Тыңдаушылардың білімін бақылау үшін үнемі байқау сынақтары өткізіліп отырады.
Оқу жылының ақпан-мамыр айларында 3 ай мерзімге кешкі дайындық курстары (әр пәнге оқу тіліне байланысты 10 тыңдаушы жиналған жағдайда) ашылады.
Кешкі дайындық курстарына жазылу немесе қосымша ақпаратты келесі телефондар бойынша алуға болады:
Мекенжайы: Петропавл қ-сы, Интернационал к-сі, 26, №5 оқу корпусы, кабинет № 206
тел: +7 (7152) 490093, ұялы телефон нөмірі: +7 777 546 0424, +7 708 865 8527, +705 670 00 94



