"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Kozybayev International Office

Негізгі мақсаттар мен міндеттер


Kozybayev International Office қызметінің негізгі мақсаты университеттің интернационалдандыру үдерістерін білім алушылар оқытушылар және қызметкерлердің академиялық ұтқырлығын, тағылымдамаларын ілгерілету, шетелдік білім беру және ғылыми ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейту, халықаралық жобалар мен бағдарламаларды дамыту, сондай-ақ білім сапасын арттыруға, ғылыми зерттеулерді дамытуға және университет қауымдастығы мүшелерінің кәсіби өсуіне ықпал ететін көптілді және көпмәдениетті академиялық ортаны қалыптастыру арқылы жүзеге асыру болып табылады.

Қойылған мақсатқа жету үшін KIO келесі міндеттердің шешілуін қамтамасыз етеді:

  • Халықаралық ынтымақтастық үшін шетелдік серіктестерді іздеу.
  • Шетелдік делегациялардың сапарларын ұйымдастыру.
  • Халықаралық шарттарды сүйемелдеу.
  • Университеттің халықаралық ынтымақтастық саласындағы келіссөздері мен кездесулерін ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз ету.
  • Университеттің халықаралық қызметін ақпараттық-талдамалық тұрғыдан қамтамасыз ету.
  • Академиялық ұтқырлық мәселелері бойынша отандық және шетелдік білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл жүргізу.
  • Академиялық ұтқырлық бойынша білім алушылар мен ПОҚ-тың оқу іссапарына шығуы мен оралуына қатысты құжаттарды ресімдеу.
  • Дәріс оқу, сабақ өткізу, бірлескен ғылыми жобаларға қатысу және академиялық тәжірибе алмасу мақсатында шетелдік оқытушылар мен зерттеушілерді шақыруды ұйымдастыру.
  • Университеттің ПОҚ мен білім алушыларының халықаралық тағылымдамаларын ұйымдастыру және сүйемелдеу.
  • «Болашақ» бағдарламасы бойынша қызметті үйлестіру және сүйемелдеу.
  • Шетелдік білім алушыларды рекрутинг мәселелері бойынша университеттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау.
  • Университеттің шетелдік білім беру көрмелеріне қатысуын ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз ету.
  • Шетелдік білім алушыларды кешенді бейімдеу және қолдау.
  • Шетелдік білім алушылар үшін қысқа мерзімді білім беру бағдарламалары мен тағылымдамаларды әзірлеу және іске асыру.

Құрылым


Руководитель

Бисенева Анар Казбековна

Директордың м.а.

+7 (7152) 493233, 1190 қос. 3024 
307/ОЗК
akbisenova@ku.edu.kz

Жакитова Адель Бислановна

Менеджер

 

+7 (7152) 493252, 1190 қос. 3006
310/ОЗК
abzhakitova@ku.edu.kz