"Сұңқар" спорт клубының негізгі мақсаты – студент жастарды спортпен айналысуға тарту және бұқаралық-спорттық жұмыс арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру.
"Сұңқар" СК қызметінің негізгі бағыттары:
- Студенттердің таңдаған спорт түрлері бойынша спорттық командаларды жасақтау.
- ҚР ЖОО арасында түрлі деңгейдегі спорттық жарыстарға қатысу.
- Университетте спорттық шараларды ұйымдастыру және өткізу.
Бейнематериалдар
|
|
 |
Қойылған мақсатқа жету үшін "Сұңқар" спорт клубы келесі міндеттерді шешуі қажет:
- Студенттік жастар, магистранттар, оқытушылар, университет қызметкерлерін дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.
- Қызметкерлер мен студенттер үшін дене шынықтыру-бұқаралық, сауықтыру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру.
- Спорт түрлері бойынша сауықтыру топтарын, спорттық секциялар мен командаларды жасақтау.
- «Дене шынықтыру», «Дене және әскери тәрбие теория мен әдістеме» кафедралары, қызметкерлер кәсіподақ комитетімен және студенттік өзін-өзі басқару органдарымен оқытушылар, қызметкерлер және білім алушылар үшін дене шынықтыру-бұқаралық және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру бойынша бірлескен жұмыс атқару.
- Тәрбие жұмысын үйлестіру және ұйымдастыру бөлімімен, факультеттер / институтпен бірге ЖОО студенттері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
Құжаттар
Құрылым
 |
Исатаев Ербол Бостандыкович
Менеджер
+7 (7152) 493343, қос. 1114
153/1
ebisataev@ku.edu.kz
|