Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Факультеттер жаңалықтары
ТжӘИ: "Weihnachtsmotive" Winterfestival іс-шарасы

Тіл және әдебиет институтының "Герман-роман филологиясы" кафедрасында біздің шет тілдер факультетінің студенттері оқып жүрген тілдерінің елдеріне қаты әрі қарай оқу

13 желтоқсан 2024
МФ: Сессияға дайындық

  2024 жылғы 10 желтоқсанда емтихан сессиясының басталуы қарсаңында Медицина факультетінің  әкімшілігі студенттермен кездесу өттізді, оның әрі қарай оқу

11 желтоқсан 2024
ПФ: KOZYBAYEV UNIVERSITY ҰЖЫМДЫҚ МОНОГРАФИЯ ҚҰРУ БОЙЫНША ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТА

Монография - күрделі әлемнің сын-қатерлері талап ететін зерттеу ортасындағы ерекше "айырым белгісі". ​Жобалық зерттеу жұмысында монография басылымы - әрі қарай оқу

13 қараша 2024
АФ: Халықаралық пәндік олимпиада

Біздің университеттер арасындағы ынтымақтастықтың маңызы тек академиялық іс-шаралармен шектелмейді – бұл ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелерд әрі қарай оқу

01 қараша 2024
FEDT: Кәсіптік бағдар беруі

31 қазанда Инженерлік және сандық технологиялар факультетінің кафедралары университетте кең ауқымды кәсіптік бағдар беру шарасына қатысты.  Қала әрі қарай оқу

01 қараша 2024
ПФ: Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!

2024 жылдың қыркүйегінде М. Қозыбаев атындағы СҚУ педагогикалық факультеті және «Өрлеу БАҰО» АҚ «СҚО бойынша кәсіби даму институты&r әрі қарай оқу

10 қазан 2024
ПФ: Құттықтаймыз!!!

Бірінші қазанда университетте "Дене шынықтыру және спорт" кафедрасының еңбек сіңірген профессоры, б.ғ.к., доцент Қасия Кангужинаның 75 жылдық мерейтой әрі қарай оқу

08 қазан 2024
ПФ: Құттықтаймыз!!!

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсы "Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университ әрі қарай оқу

08 қазан 2024
F: 70 тыңдаушы Foundation факультетіне түсті

14 қыркүйекте тілдік даярлық курсына үміткерлер арасында «OES» прокторинг-жүйесі арқылы Foundation факультеті қабылдау емтиханын өткізді. әрі қарай оқу

26 қыркүйек 2024
АФ: экологиялық жастар марафоны

"Birgemiz" волонтерлік фронт-офисі мен "Жастар салауатты өмір салты үшін" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған экологиялық жастар марафоны барлық қала тұ әрі қарай оқу

17 қыркүйек 2024
Барлығын оқу

Корпоративтік оқиғалар (2022 жыл)

 


2022 жылғы 20 желтоқсан

20.12.2022 жылғы «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ Директорлар Кеңесінің шешіміне сәйкес (№8 хаттама) «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ Операциялар, трансформациялар және инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөніндегі Басқарма мүшесі лауазымына Белгибаев Рашит сайланды. 


2022 жылғы 20 желтоқсан

Директорлар кеңесінің 20.12.2022 ж. шешімімен (№8 хаттама)  2020-2024 жылдарға арналған "М.Қозыбаев атындағы СҚУ" КЕАҚ 2021 жылғы Даму жоспарының  іске асырылуын бағалау бекітілді. 

Директорлар кеңесінің 20.12.2022 ж. шешімімен (№8 хаттама)  2020-2024 жылдарға арналған "М.Қозыбаев атындағы СҚУ" КЕАҚ  Даму бағдарламасы мен Стратегиялық даму жоспарына өзгерістер енгізілді. 

Директорлар кеңесінің 20.12.2022 ж. шешімімен (№8 хаттама)  2020-2024 жылдарға арналған "М.Қозыбаев атындағы СҚУ" КЕАҚ  Даму жоспарына нақтылаулар бекітілді (2022 жылғы бөлігінде, сәйкест. 14-960340000702-2020-013). 

Директорлар кеңесінің 20.12.2022 ж. шешімімен (№8 хаттама)  2020-2024 жылдарға арналған "М.Қозыбаев атындағы СҚУ" КЕАҚ  Даму жоспарына нақтылаулар бекітілді (2023 жылғы бөлігінде, сәйкест. 14-960340000702-2020-014). 


 2022 жылғы 2 қараша

«М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің 02.11.2022 ж. (№7 хаттама) шешіміне сәйкес операциялар, трансформациялар және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі Басқарма мүшесі бос лауазымына орналасуға конкурс жарияланды.

«М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің 02.11.2022 ж. (№7 хаттама) шешіміне сәйкес Директорлар кеңесінің, комитеттердің және Корпоративтік хатшының бағасы бекітілді.

«М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің 02.11.2022 ж. (№7 хаттама) шешіміне сәйкес Қоғамның 2021 жылғы Жылдық есебі бекітілді және ресми сайтында орналастырылды


2022 жылғы 20 қазан

«М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (Жалғыз акционер) қабылдаған шешім туралы хабарлайды.

««Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 20.10.2022 жылғы № 117 бұйрығымен «М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді. Қоғамның сандық құрамы 7 (жеті) адам болып белгіленді.

 Директорлар кеңесінің құрамына Башмаков Анатолий Афанасьевич сайланды.

Анатолий Афанасьевич Башмаковтың өкілеттік мерзімі «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік коғамының директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 5 қазандағы № 91 бұйрығымен айқындалған Қоғамның Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына дейін белгіленді.


2022 жылғы 05 қазан

«М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (Жалғыз акционер) қабылдаған шешім туралы хабарлайды.

««Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 05.10.2022 жылғы № 91 бұйрығымен «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) директорлар кеңесінің құзыреті мерзімінен бұрын тоқтатылды. Қоғамның сандық құрамы 6 (алты) адам болып белгіленді. Қоғамның директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап 3 (үш) жыл болып белгіленді.

Директорлар кеңесінің құрамына сайланды:

1) Ерғалиев Қуаныш Асылханұлы, Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министрі;

2) Жайжұманова Әсемгүл Абайқызы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының жетекшісі (келісім бойынша);

3) Смағұлов Дидар Нұркенұлы, қоғам қайраткері;

4) Хусаинов Әлібек Жұмабекұлы, ЕҮ (Ernst and Young) Халықаралық компаниясының Корпоративтік бағыттар және бағалау департаментінің директоры, тәуелсіз директор (келісім бойынша);

5) Боранбаев Еркебұлан Сағатұлы, қоғам қайраткері, тәуелсіз директор (келісім бойынша);

6) Шұланов Ерлан Нұрлыбекұлы, «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы - Ректор.


2022 жылғы 21 қыркүйек 

«М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (Жалғыз акционер) қабылдаған шешім туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі №55 бұйрығымен «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жарғысына толықтырулар енгізілді:

7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«7. Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін 100% иелік ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі – Жалғыз акционер) болып табылады.

Жалғыз акционер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелерді қарайды және шешімдер қабылдайды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің келісімі бойынша қабылданатын шешімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді Жалғыз акционер дербес қабылдайды».


2022 жылғы 5 шілде  

Директорлар кеңесінің 05.07.2022 ж. шешімімен (№5 хаттама) «М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ 2020-2024 жылдарға арналған 2021 жыл бойынша даму жоспарының орындалуы туралы есеп бекітілді (Ид. 14-960340000702-2020-012).


2022 жылғы 8 маусым

«М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің (Жалғыз акционер) 2022 жылғы 08 маусымдағы қабылданған шешімі №271 бұйрығы туралы хабарлайды:

  1. «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан эрі - Қоғам) 2021 жылғы жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін. 
  2. Қоғамның 540 000 000,0 теңге (бес жүз қырық миллион теңге) мөлшеріндегі 2021 жылғы таза табысы Қоғамның иелігінде қалдырылсын. 
  3. 2021 жыл ішінде жалғыз акционердің Қоғамның жэне оның лауазымды түлғаларының қызметіне өтініштері түспегені айқындалсын.

 2022 жылғы 26 мамыр 

Директорлар кеңесінің 26.05.2022 ж. шешімімен (№4 хаттама) «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ 2021 жылға арналған аудиттелген қаржылық есептілігі алдын ала бекітілді.  


 2022 жылғы 26 мамыр 

Директорлар кеңесінің 26.05.2022 ж. шешімімен (№4 хаттама) «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ 2021 жылға арналған даму бағдарламасы мен стратегиялық даму жоспарының орындалуы бойынша есептер бекітілді.


2022 жылғы 5 наурыз 

«М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ  иелігінде және пайдалануында Қоғамның 100% акциялар пакеті бар, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі (жалғыз акционер) қабылдаған шешім туралы хабарлайды:

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрінің 05.03.2022 жылғы «Аудиторлық ұйымды анықтау туралы» №81 бұйрығымен «Астана Эксперт Аудит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2021 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігіне аудитті жүзеге асыратын аудиторлық ұйым болып анықталды.


2022 жылғы 27 қаңтар

Директорлар кеңесінің 27.01.2022 ж. шешімімен (№1 хаттама) 2020-2024 жылдарға арналған «М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ  Даму жоспарына нақтылаулар бекітілді (2022 жылғы бөлігінде, сәйкест. 14-960340000702-2020-011).


2022 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН КОРПОРАТИВТІК ОҚИҒАЛАР КҮНТІЗБЕСІ