Тарих, экономика және құқық факультетінің «Журналистика және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының 2-курс Ж-24қ тобының студенті Амирова Замира Мадияровн әрі қарай оқу
Сөздәйектер галереясы
Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкірегінде болсын көз. Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
Факультеттер жаңалықтары
2026 жылғы 19 наурызда тарих, экономика және құқық факультетінде жаңа демалыс аймағы — «Kitchen Room». Іс-шара Наурыз мерекесі қарсаңында университетт әрі қарай оқу
2026 жылғы 18 наурызда Ұлттық киім күні аясында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің медицина факультетінің оқу-зертханалық корпус әрі қарай оқу
2026 жылғы 17 наурызда Шаңырақ күні мерекесі аясында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің медицина факультетінің оқу-зертханалық к әрі қарай оқу
*]:pointer-events-auto scroll-mt-[calc(var(--header-height)+min(200px,max(70px,20svh)))]" dir="auto" data-turn-id="request-WEB:ee119cbd-a6d1-49f5-835f әрі қарай оқу
2026 жылғы 15 наурызда Қайырымдылық күні аясында медицина факультетінде «Жақсылық жаса — жүрек жылыт!» атты еріктілер акциясы ұйымдастырылды. ОМ-21 т әрі қарай оқу
2026 жылдың 14 наурызында тарих, экономика және құқық факультетінде «Көрісу күні» атты дәстүрлі қазақ мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өтті. Бұл әрі қарай оқу
Алғыс айту күнін мерекелеу қарсаңында, 2026 жылғы 27 ақпанда тарих, экономика және құқық факультетінде студенттерін, оқытушылары мен қызметкерлерін бі әрі қарай оқу
2026 жылғы 27 ақпанда Алғыс айту күнін мерекелеу қарсаңында тарих, экономика және құқық факультетінде «Күміс университет» жобасы аясында курс тыңдаушы әрі қарай оқу
2026 жылғы 27 ақпанда тарих, экономика және құқық факультетінде «Foundation» бағдарламасының студенттерімен және болашақ талапкерлермен кәсіби бағдар әрі қарай оқу
Совершенствование государственной политики в области продовольственной безопасности приграничных регионов Казахстана: вызовы и пути решения
ЖРН АР26104945 жобасы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025-2027 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру шеңберінде жүзеге орындалуда.
Жоба жетекшісі: Онучко М.Ю., п.ғ.к., профессор (h-index=4, https://orcid.org/0000-0003-4996-9616, Scopus Author ID: 57193231147)
Жоба орындаушылары: Әлібай Е.А, Әлібай Л.М., Байтенизов Д.Т., Абуталипов Д.О.
Іске асыру кезеңі: 01.01.2025 – 31.12.2027 жж.
Қаржыландырудың жалпы көлемі: 70 984 644 теңге.
Жоба сайты: https://foodsecurity.kz/
Жобаның мақсаты: шекара маңындағы өңірлердің Азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы Қазақстанның мемлекеттік саясатын жетілдіру үшін саяси-стратегиялық ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Күтілетін нәтижелер: Азық-түлік тұрақтылығын нығайтуға және шекара маңы облыстарының (Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Маңғыстау) сыртқы экономикалық тәуекелдер мен геосаяси сын-қатерлерге осалдығын төмендетуге бағытталған кешенді саясатты құруға басты назар аударылады. Жоба сондай-ақ халықаралық әріптестермен өзара іс-қимылды күшейтуге, трансшекаралық сауданы оңтайландыруға және азық-түлік қауіпсіздігі призмасы арқылы шекара маңы аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа ықпал ететін шараларды әзірлеуге бағытталған. Жоба бойынша жоспарланған жұмыс көлемін тиімді іске асыру шекара маңы аумақтарының азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу процесінде алынған нәтижелерді қолдану үшін мүмкіндіктер ашады. Бұл әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып, осы саладағы мемлекеттік саясаттың жай-күйіне мониторинг жүргізуге және бағалауға, сондай-ақ саясаттану, экономика және басқа да пәндер бойынша оқу бағдарламалары мен материалдарды әзірлеуге мүмкіндік береді.
Жобаның сипаттамасы: шекаралас аймақтарда ауыл шаруашылығының өнімділігі мен тұрақтылығын арттыру үшін заманауи агрономиялық технологиялар мен тәжірибелерді енгізу маңызды. Жоба шетелдік тәжірибе мен технологияларды бейімдеуге ықпал етеді, бұл агроөнеркәсіптік кешеннің тиімділігін арттыруға және оны бәсекеге қабілетті етуге мүмкіндік береді. Ұлттық деңгейде жоба Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін жақсартуға ықпал ететін болады, бұл өз кезегінде елдегі әлеуметтік және экономикалық тұрақтылыққа оң әсер етеді. Тұрақты азық-түлікпен қамтамасыз ету-бұл экономикалық қауіпсіздік мәселесі ғана емес, сонымен қатар халықтың әлеуметтік әл-ауқаты. Халықаралық деңгейде жобаның нәтижелері Қазақстанның Орталық Азиядағы азық-түлік хабы ретіндегі ұстанымын нығайтуға үлес қоса алады. Шекара маңындағы өңірлерде азық-түлік қауіпсіздігінің тиімді жүйесін әзірлеу көрші елдермен тығыз экономикалық байланыс орнатуға және экспорттық әлеуетті арттыруға көмектеседі.
