25 сәуірде Каспий университетінің қабырғасында еліміздің түкпір-түкпірінен мықты студенттерді жинаған "құқық" даярлау бағыты бойынша XVIII республикал әрі қарай оқу
Сөздәйектер галереясы
Талаптанған мұратына жетер, Талапсыздың күні өкінішпен өтер.
Факультеттер жаңалықтары
СҚО ормандарында өрт қаупі жоғары кезең жүріп жатыр. Отпен дұрыс жұмыс істеу ережелері мен табиғатқа деген сүйіспеншілік – біздің кішкентай азаматтар әрі қарай оқу
2026 жылғы 17 сәуірде Ғылым апталығы аясында «Қылмыстық іс бойынша сот» рөлдік ойыны өтті. Іс-шара студенттер қатысқан ашық қылмыстық процесс ретінде әрі қарай оқу
2026 жылдың 17 сәуірінде Kozybaev University қабырғасында Александр Сергеевич Пушкиннің мұрасына арналған атаулы стипендияларды тапсыру салтанаты өтті әрі қарай оқу
2026 жылғы 16 сәуірде Тарих, экономика және құқық факультетінде ғылым апта аясында «1С-Бухгалтерия» сертификатталған орталығын заманауи компьютерлік т әрі қарай оқу
2026 жылғы 10 сәуірде тарих, экономика және құқық факультетінде 7-секция өтті «Жаһандық трансформация жағдайындағы қоғам дамуының құқықтық және әлеум әрі қарай оқу
Гранты әрі қарай оқу
Солтүстік Қазақстан университетінде. М. Қозыбаева көрнекті қазақстандық ғалым-тарихшы, академик Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың 95 жылдығына арналған «Қозы әрі қарай оқу
2026 жылғы 8 сәуірде «Астана» халықаралық қаржы орталығының академиясы әзірлеген білім беру бағдарламалары ресми түрде СҚУ-ға берілді. М.Қозыбаева оқу әрі қарай оқу
7 апреля 2026 года медицинский факультет НАО «Северо-Казахстанский университет им.М. Козыбаева» в рамках празднования Международного дня здоровья о әрі қарай оқу
Студенттердің әлеуметтік психологиялық бейімделу удерсін сәтті өтуі үшін келесі ұсыныстар
Кез келген бейімделу үдерісін екі қарама-қарсы тараптардан қарастыру қажет. Бір жағынан, бейімделу барысында субъект бейімделу процесін және әлеуметтік ортаны өзгертеді, ал екінші жағынан – олар өзін- өзі сақтауға ұмтылады. Бейімді жағдай өзгерістерге кедергі келтіретін қорғаныш тетіктерінің қосылуын қамтиды, яғни қандай да бір бейімдеу кедергілері. Бұл кедергілерді кез келген өзара іс-қимыл тараптары жасауы мүмкін.
Бейімделу үдерісінің осындай кедергілеріне субъектінің дүниетанымы, психологиялық жай-күйі, ақпарат шектеулілігі, мәдениет және салт-дәстүрлер және т. б. бола алады.
Қоғамның сол өзгеру әсерлерін ескермеуі студентке кері әсер тигізуі мүмкін.
Жоғарғы оқу орнының мақсатына сәйкес,бірінші тоб студенттерінің әлеуметтік бейімдеуі дегеніміз оқу талаптарын және нормаларын орындау, сондай-ақ өз қабілетін жаңа ортада дамыта білу, өзінің қабілеттері мен қажеттіліктерін ортамен қайшылыққа түспей-ақ дамыту.
Бейімделу қиындығы мектеп ортасынан ЖОО ортасына келу үдерісімен ғана шектелмейді, бұл әлеуметтік ортаның ауысуы және өзін-өзі анықтау барысында маңызды шешім қабылдау қажеттілігі, сол шешімнің дұрыстығы. Себебі, бұл уақытта, шешім қабылдау үдерісі өмірдің мәнін іздеу үдерісімен теңбе-тең.
Әлеуметтік-психологиялық бейімделу – бұл индивидтің әлеуметтік орта жағдайларына белсенді түрде бейімделу процесі, сондай-ақ осы процестің нәтижесі.
Әлеуметтік-психологиялық бейімделудің мәні қажеттіліктерді екіжақты келісу үдерісі және талаптар мен адамның үміттерін әлеуметтік ортамен өзара ұйғару.
Жаңа ортада студент топтың ережелін, құндылықтарын, мақсатын меңгереді.
Сыртқы және ішкі факторлар студенттің бейімделуі барысында маңызды рөл атқарады.
Нәтижелі, қызықты іске еліктіру.
Тапсырмаларды бірте-бірте қиындату.
Студенттердің әлеуметтік психологиялық бейімделу удерсін сәтті өтуі үшін келесі ұсыныстар қарастырылады
1. Күн режимін сақтаңыз.
2. Салауатты өмір салт ережелерін сақтаңыз.
3. Өзіңіздің іс әрекетіңізді жоспарлаңыз.
4. Өзін-өзі оқу барысына көп уақыт бөліңіз, сіз үшін бұл үздіксіз білім алу кепілі.
5. Сөйлеу мәдениетін ұстаныңыз, жанжалсыздық қарым-қатынас жасауға тырысыңыз.
6. Туындайтын қиындықтарды жеңіп шығуға тырысыңыз, кедергілерден қорықпаңыз.
7. Сүйікті істеріңізбен айналысыңыз: спорт, хобби. Бұл сізге шығармашылық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
8. Шыдамдылық танытуға тырысыңыз.
9. Әрбір жағдайды жақсы жағынан қарауға тырысыңыз.
1 курс студенттер жетекшілеріне әлеуметтік-психологиялық бейімделуі бойынша ұсыныстар
1. Студенттердің таңдаған мамандығы жайлы адекватты түйіндеме жасау, кәсіптің қоғамдық маңыздылығын қалыптастыру.
2. Алғашқы сабақтарда студенттерді ЖООның білім беру жүйесімен, білім деңгейіне қойылатын талаптарымен, оқыту ерекшелігімен таныстыру, ЖООның мектеп ортасына қарағанда қандай ерекшеліктері бар жайлы айту, әр студентке пәндердің маңыздылыған атап өту.
3. Студенттердің бейімделу үдерісін сәтті өткізу үшін, олардың ұжым ішінде лайықты орын алуын қамтамасыз етіңіз (жеке тапсырма беру арқылы, өз қабілеттерін дамытуға ынталандыру). Студентке деген сеніміңізді көрсетіңіз ( жауапты тапсырма беру арқылы)
4. Психологиялық көмек назарына мұқтаж студенттерді анықтауға тырысыңыз, яғни, психологпен бірлесіп жеке консультациялар жүргізу.
5. Студенттердің Жоо-ның қоғамдық өміріне еліктіру, өзін-өзі басқару жұмысын дамыту.
6. Сабақтан тыс уақыт кезінде топ арасында ортақ іс-шаралар өткізуге тырысыңыз: топты біріктіруге бағытталған, студенттік ұжымда жайлы психологиялық ортаны құру және жеңілдету. Осылайша, студенттердің бейімделу процесі жаңа әлеуметтік шарттарға сәйкес болады.
7. Адамгершілік, өзін-өзі тәрбиелеу, күн тәртібін ұйымдастыру, аурудың алдын алу, т.б. тақырыптарға әңгімелесіңіз.
8. Сауалнама кезінде студенттің психологиялық және жас ерекшеліктеріне назар аудару.
9. Студенттерді өзара салыстырмау, әрбір студенттің табыстары мен жетістіктеріне назар аудару.
10. Студенттің мотивациясын көтеруге ықпал жасайтын тәсілдерді пайдаланыңыз: проблемалық оқыту (өзін-өзі талдау студенттің қызметінің тиімділігін көрсетеді және оған өз бетінше күшті және әлсіз жақтарды анықтауға көмектеседі).

Түсініктемелер
Түсініктемелер жоқ