"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов
Факультеттер жаңалықтары
ТЭҚФ: СҚО Әділет департаменті "Заң және тәртіп" идеологиясы аясында ТЭжҚФ-тің студенттерге дәріс өткізді

2025 жылдың 2 желтоқсанында Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті "Заң және тәртіп" идеологиясын жүзеге асыру аясында студенттерге дәріс ө әрі қарай оқу

ТЭҚФ: М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Қазақстан Президентінің стратегиясын жүзеге асырады

Кеше, 2025 жылғы 31 қазанда Астанада "Қазақстан — академиялық білім беру аумағы" халықаралық стратегиялық әріптестер форумы өтті, онда Қазақстан Респу әрі қарай оқу

Барлығын оқу
Кудренова Лаура Галымжановна 07 мамыр 2018
Сұрақ
Сәлеметсізбе! Мен Азық-түлік өнімдерінің теxнология мамандығының 2 курс студентімін. Сізге осындай сұрағым бар: оқып жүрген мамандығым бойынша күндізгі бөлімнен, кешкі бөлімге ауыса аламын ба?
Жауап

Құрметті Кудренова Лаура Галымжановна! 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы №19 бұйрығымен бекітілген «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау» ережесіне сәйкес, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жазғы және қысқы демалыс кезінде оқу жоспарының айырмашылығын анықтау арқылы жүзеге асырылады. Сіз 5В080200 «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығының күндізгі бөлімнен басқа мамандықтың күндізгі бөліміне, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінен басқа жоо күндізгі бөліміне, бір тілдік бөлімнен басқа тілдік күндізгі бөліміне ауысуға өтініш беруге құқылысыз. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде кешкі бөлім жоқ. Сыртқы бөлімге ауыса алмайсыз, себебі сіз оқуға жалпы орта білім беретін аттестаты негізінде қабылдандыңыз. Оқытудың сырттай бөлім түрі бойынша колледж немесе жоғарғы оқу орны базасындағы жеделдетілген бағдарлама бойынша жүргізіледі. Сіз толық ақпарат алу үшін 49-40-92 (ішкі 11-99) (жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдары факультеті мамандықтары жөніндегі тіркеушісі Рахматулина Асем Ерсаиновна) немесе 49-34-05 телефондары арқылы  хабарласыңыз. Мекен жайымыз: Пушкин көшесі 86, 2 ғимарат, Тіркеуші офисі - дәрісхана 106.