"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Ақылдың тілін алса, жүрек ұмытпайды.

Абай
Факультеттер жаңалықтары
Барлығын оқу
Демеуов Бақытқали Берікұлы 05 қазан 2018
Сұрақ
Саламатсыздар. Мен Демеуов Бақытқали Берікұлы. 2017 жылы менің қызым Берік Қаламқас Бақытқалиқызы Серпін бағдарламасы бойынша химия факультетіне түсіп қазір 2 курс оқып жатыр. Дегенмен қыркүйек айынан бері жатахана алалмай жүрген жайы бар. Алыстан келген студенттерді, бағдарлама бойынша түскен студентерді бірін жатаханамен қаматамасыз ету керек еді бірақ өкінішке орай жатахана алалмай жүр. Сондай-ақ қыркүйек айында 1 жылға жатахана ақысын төлеп қойып әр жерге көшіп жүр. Осы сауалыма жауап жазады деген үміттемін.
Жауап

Құрметті Демеуов Бақытқали Берікұлы! Сіздің хатыңызға мынадай анықтама береміз. Сіздің қызыңыз ФМЕН факультетінің Х(О)-17к тобының студенті Берік Қаламқас Бақытқалиқызы 2018 жылғы 4 қыркүйек айынан 5 қазан айы аралығында №3 жатақханасындағы 329 бөлмесімен қамтамасыз етілді. Бұл 4 адамдық бөлмеде 3 адам тұрды. Қазіргі кезде сіздің қызыңыз өз еркімен  №2 жатақханаға көшті.