"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Жақсы ұстазға қандай қасиеттер тілеуге тиіспіз? Өзінің оқытатын пәнін терең білуді, адал да сезімтал жан дүниесі болуын...

Д.Дидро
Факультеттер жаңалықтары
Барлығын оқу
Сейтсултанова Аруна Талғатқызы 21 қараша 2018
Сұрақ
Сәлеметсіз бе! Мен Сейтсултанова Аруна Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ-да 1курста оқимын. Факультет ИСТФ, мамандығым - Стандарттау және сертификаттау. Оқуға Серпін бағдарламасымен түстім. Мен отбасылық жағдайға және денсаулығыма байланысты оқудан шығуым керек болып тұр. Құжаттарымды қалай алсам болады? Құжаттар неше күнде беріледі? Оқудан шығу үшін не істеуім керек? Және де жатақханаға төлеген ақшаның қалған бөлігі қайтарылама?
Жауап

Құрметті Сейтсултанова Аруна Талғатқызы!

Сізге отбасылық жағдайға байланысты оқудан шығу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  1. нысан бойынша білім алушының өтініші;
  2. білім алушының жеке куәлігінің көшірмесі;
  3. білім беру гранты бойынша білім алушының оқудан шығуына ата-аналардың келісім қолхаты (интернет арқылы жіберілген көшірмесі жарайды).

Оқудан шығуға өтініш жазу үшін 2 корпус 1 қабатта орналасқан QYZYLJAR студенттерге қызмет көрсету орталығына жоғарыда көрсетілген құжаттармен келуіңіз тиіс. Өтініш жазғаннан соң 5 күннен кейін білім алушының оқудан шыққандығы жөнінде бұйрық шығарылады. Содан соң білім алушы 2 корпус 104 кабинеттен кету қағазын алып, толтырып өз құжаттарын алып кете ала алады және жатақхана үшін артық төлеген қаражатты 2 корпус 214 кабинетке барып, қайтарып алу өтінішін жазып ала алады.