"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол - нағыз ұстаз.

Л.Н. Толстой
Факультеттер жаңалықтары
ТЭҚФ: СҚО Әділет департаменті "Заң және тәртіп" идеологиясы аясында ТЭжҚФ-тің студенттерге дәріс өткізді

2025 жылдың 2 желтоқсанында Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті "Заң және тәртіп" идеологиясын жүзеге асыру аясында студенттерге дәріс ө әрі қарай оқу

ТЭҚФ: М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Қазақстан Президентінің стратегиясын жүзеге асырады

Кеше, 2025 жылғы 31 қазанда Астанада "Қазақстан — академиялық білім беру аумағы" халықаралық стратегиялық әріптестер форумы өтті, онда Қазақстан Респу әрі қарай оқу

Барлығын оқу
4-этаж 17 қараша 2019
Сұрақ
Cәлеметсіз бе? менің қояын деген сұрағым жатахана жайында болып тұр.2-ші жатаханда қашан жөндеу жұмыстары жүргізіледі? жағдайы өте төмен студенттер үшін өте қолайсыз.Плиткалардын жағдайы өте нашар 3 газ тұрады онын 2ғана көзі істейді,тамақ ішуге мүлде қолайсыз дәретханың жағдйын мүлде нашар, кір жуатын машина 2 ай болды бұзылған,4-этажда қол жуатын жер де ынғайсыз жатаханаға жауапты кісі бар ма?бұлай кете берсе жағдай не болмақ?өтініш жатаханаға да сәл көңіл бөлудеріңізді сұраймын.
Жауап

Сіздің, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректор блогына қойылған сауалыңызды қарастырып, төмендегіні хабарлаймыз:

  1. Университеттің Шаруашылық жұмыстар департаменті жыл сайын көктемгі сессия аяқталған уақыттан бастап, жаз мезгілінде жатақханаларда өтпелі (косметикалық және т.б.) жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Өкінішке орай, 2020 жылдың бюджеттік жоспарында №2 жатақханада күрделі жөндеу жұмыстары қарастырылмаған.
  2. Жатақханада орналастырылған электр плиталары электршінің үнемі техникалық күтімінен өткізіледі. Қазіргі уақытта қоймада орташа көлемдегі электр плиталары жоқ. Әрбір плиткада 2 конфорка ғана жұмыс істегендіктен, электр плиталарына қажетті жинақтауыштарды сатып алуға өтінім берілді.
  3. Бүгінгі таңда жатақхананың техникалық қызметкерлер құрамына тазалау жұмыстарын жүргізетін адам қабылданды. Оның міндетіне дәретханалар мен тұрмыстық бөлмелерді тазарту кіреді. Алайда, бұл бөлмелерде тазалықты сақтап қалу үшін, кезекші студент те оны күтіп ұстауы керек, сонымен қатар кесте бойынша уақытылы және сапалы кезекшілік жүргізу қажет.
  4. 2020 жылдың басына, бюджеттік комиссияның қарауына бүлінген кір жуғыш машиналарды жөндеуге өтініш берілді.