Non-profit limited company
"Manash Kozybayev
North Kazakhstan university"
larger
Quotation gallery

Words are the only things that last forever.

William Hazlitt
Faculty News
Читать все
Сунгат Акбобек Габдижанкызы 26 December 2019
Question
Сәлеметсіз бе?! Мен зДОВ2-18к тобының студенті боламын. Мен Атырау қаласынан боламын. Бізде сессия 3.01.-10.01.2020ж аралығында болады. Мен Петропавловсккке 31күні жетемін. Менде қазір баратын жерім жоқ, бұрын сеесссияға барған кезде #1 жатақханаға орналасатынмын, (себебі очник болған кезде сол жатақханада тұрғанмын, жарты жыл) енді воспитательский отделмен сөйлессек біз қазір заочниктарды қабылдамаймыз дейді..... Енді сұрағым мен осындай алыс жақтан барған кезде 10 күн бойы қайда жатамын...??! өзім ол қаладан ешкімді танымаймын ағайын туысымда жоқ, жасым болса кішкентай 21демін,
Answer

Құрметті Сұңғат Ақбөбек Ғабдіжанқызы!

Сіздің сұрағыңызды қарастырып, келесіні  түсіндіреміз:

Университеттің жатақханасында студенттер көп болуына байланысты студенттік жатақханадағы орындар тек күндізгі бөлім студенттеріне беріледі. Оқу жоспарына сәйкес 4 курста оқитын студенттер келесі семестрде диплом алдындағы практиканы өтеді,  қазіргі уақытта бос орындар бар. Сіздің жағдайыңызды ескере отырып, басшылық сізге  №1 студенттік жатақханадан бір орын ұсынуға шешім қабылдады. Жатақханаға орналасу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  • емтихан сессиясы кезінде тұру ақысы туралы түбіртек («Банк ЦентрКредит» АҚ филиалы, Интернациональная көшесі 24)
  • СҚО Дезинфекциялық орталығынан анықтама (Универсальная 3А көшесі)