Некоммерческое акционерное общество
"Северо-Казахстанский университет
имени Манаша Козыбаева"
Крупнее
Галерея цитат

Всё познается легче, если расчленено на части не слишком мелкие. У чрезмерной дробности тот же порок, что у нерасчленённости. Что измельчено в пыль, то лишено порядка.

Луций Анней Сенека (младший)
Новости факультетов
ФИЭП: Встреча с легендой космоса: студенты факультета истории, экономики и права удостоены диплома Айдын Айымбетова

20 мая 2026 года в университете состоялась значимая встреча с Героем Казахстана, народным героем, летчиком-космонавтом, третьим космонавтом Казахстана читать далее

ФИЭП: Победа в праве: Студент факультета истории, экономики и права стал лучшим на республиканской олимпиаде

25 апреля в стенах Каспийского университета состоялась XVIII Республиканская предметная олимпиада по направлению подготовки «Право», собравшая сильней читать далее

ФИЭП: «Суд в аудитории: как студенты факультета истории, экономики и права почувствовали себя вершителями правосудия»

17 апреля 2026 года в рамках Недели науки состоялась ролевая игра «Суд по уголовному делу». Мероприятие прошло как открытый уголовный процесс, участни читать далее

ФИЭП: «Торжественная церемония оснащения сертифицированного центра "1С: Бухгалтерия" развитие цифровых компетенций в экономическом образовании»

16 апреля 2026 года на факультете истории, экономики и права, в рамках декады науки состоялась торжественная церемония оснащения сертифицированного це читать далее

ФИЭП: На факультете истории, экономики и права прошла МНПК «Козыбаевские чтения – 2026», на тему: «Правовые и социально-экономические аспекты развития общества в условиях глобальной трансформации».

В Северо-Казахстанском университете им. М. Козыбаева состоялась Международная научно-практическая конференция «Козыбаевские чтения – 2026», посвящённа читать далее

Читать все
Жетписова Гульмира Дүйсенбекқызы 10 апреля 2014
Вопрос
Дипломымды жаздым, окудын акшасы толыктай төленді, енді осы 5 пәнге бола дипломнан айырылғым келмейді. Сіздерге ауысуға мүмкіндігім бар ма?
Ответ

Құрметті Гүлмира Дүйсенбекқызы! Егер сіз күндізгі оқу бөлімінде оқысаңыз, биылғы жылы ауысу үшін мерзімдер өтіп кетті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №110 қаулысымен бекітілген білім беру ұйымдарының типтері бойынша білім алушыларды ауыстыру және оқуға қайта қабылдау Ережелеріне сәйкес 1 т. 4 тармақшасында «Күндізгі және кешкі оқу формаларында білім алушылардың ауысу және оқуға қайта қабылдау жөніндегі өтініштері білім беру ұйымының басшысымен жазғы және қысқы демалыс кезеңінде кезекті академиялық кезең басталардан бес жұмыс күні ішінде қарастырылады. Егер Сіз сырттай оқу формасында оқысаңыз, ауысу мүмкіндігі Сіз оқып жатқан мамандыққа байланысты болады. Мерзімдер академиялық күнтізбеге сәйкес қарастырылады. Сырттай оқу формасы білім алушыларының ауысу және оқуға қайта қабылдау жөніндегі өтініштері білім беру ұйымының басшысымен қабылдаушы білім беру ұйымында кезекті емтихандық сессия басталардан бір айдан кеш емес уақыт ішінде қарастырылады».

2 т. 23,25 тармақша «Егер бакалавриат үшін оқу жоспарларындағы айырмашылық міндетті компоненттің бес оқу пәнінен аспайтын болса, ауысу мен оқуға қабылдау дәл сол курсқа жүзеге асырылады». Академиялық айырымды жабу үшін Сізге қосымша семестрден өту қажет болады. Қосымша семестрде ақылы негізде жекелеген пәндерді оқу және олар бойынша емтихан тапсыру мүмкіндігі беріледі. Қазір, өкінішке орай, Сізге академиялық айырмашылықты жабуға уақыт жетпейді. Себебі біздің университетте МАК кейбір мамандықтарда 5 мамыр, 2 маусым күндері басталады. Және ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген «Білім алушылар үлгерімінің ағымдағы, аралық бақылауын және қорытынды аттестациясын өткізудің типтік ережелерінің» 97 тармағына сәйкес «Қорытынды аттестацияға білім беру үрдісін жұмыстық және жеке оқу жоспарының және жұмыстық оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес толық аяқтаған студенттер жіберіледі».

98 т. Білім беру үрдісінің аяқталғандығының басты критерийі студенттердің жоғары білім беру мамандықтарының МЖМБС талаптарына сәйкес оқытудың теориялық курсы мен кәсіби практикалардың қажетті көлемін меңгеруі болып табылады.

102 т. Студенттердің қорытынды аттестацияға жіберілуі осы Ережелердің 97 тармағының негізінде факультет деканының (институт директорының) өкімімен студенттердің тізімдік құрамы бойынша қорытынды аттестация басталардан екі аптадан кеш емес уақыт ішінде ресімделіп, мемлекеттік аттестаттау комиссиясына ұсынылады.

Ауысы мен оқуға қайта қабылдау бойынша қосымша ақпаратты Сіз келесі телефон бойынша ала аласыз: (87152)493409

 102 т. Студенттердің қорытынды аттестацияға жіберілуі осы Ережелердің 97 тармағының негізінде факультет деканының (институт директорының) өкімімен студенттердің тізімдік құрамы бойынша қорытынды аттестация басталардан екі аптадан кешіктірмей ресімделіп, мемлекеттік аттестаттау комиссиясына ұсынылады.