"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

...Түсінгендіктің шын белгісі-«иә» деген жауап емес, шәкірттің жүзіндегі қуаныш болып табылады.

Абу-ль-Фарадж ал-Исфахани
М.Жұмабаев ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Тарихымыздың ең қайғылы беттерінің бірі– сан миллиондаған адамның өліміне әкеп соққан жаппай саяси қуғын-сүргін мен ашаршылықты еске алу күні. Мемлекет басшысының тапсырмасымен әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мақсатында, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. ҚР ақпарат және қоғамдық даму минист…

Болашақ журналистер үшін мамандандырылған кабинеті ашылды

Қозыбаев университеті «Парасат» газетін 1996 жылдан бастап шығарады. Сондай-ақ, әр апта сайын облыстық телеарнада екі тілде шығатын бағдарлама оқу ордамыздың жаңалықтары туралы  хабар таратады. Бұған дейін университеттік БАҚ шығарумен Медиаорталықтың қызметкерлері айналысқан еді. Енді, бұл жұмысқа журналистика кафедрасы жетекшілік етпек. Іскерлік …

Қозыбаев университетінде ҚР Президентінің жолдауы талқыланды

  Оқу ордамызда Казақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың Казақстан халқына «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауын талқылауға арналған конференция өтті. Шараның басты мақсаты мемлекет басшысы бағдарламалық, тарихи құжатта аталған ел дамуының басты басым бағыттары мен түйінді бастамалары турал…

Нұрсұлтан Назарбаев қорының шәкіртақы иегерлері анықталды

Конкурс нәтижесі бойынша Қозыбаев университетінің студенттеріне шәкіртақы тағайындалды. Байқауға еліміздің 350-ге жуық студенттерінен өтінім келіп түсті. Екі турдың қорытындысы бойынша 80  жеңімпаз анықталды. Ғылыми-зерттеу бағытында 45 қатысушы жүзден жүйрік атанды. Қатысушылардың қатарында оқу ордамыздың белсенділері ғылыми-зерттеу бағыты бойынша…

Әскери кафедра курсанттары ант қабылдады

Қозыбаев университетінде әскери кафедра курсанттарының ант қабылдауға арналған салтанатты шарасы өтті. Бүгінде ҚР Қарулы Күштерінің қатарына қосылғандардың барлығы әскери ант қабылдауға міндетті. Бұл халыққа адалдық пен бекітілген конституциялық тәртіп болып саналады. Бүгінде университетіміздің әскери кафедрасында 316 студент оқиды. Оның 12-сі қыз…

Қозыбаев университетінің сайты қазақстандық ЖОО арасында үздік 5-ке енді

Білім беру сапасын қамтамасыз ету тәуелсіз агенттігі жүргізген қазақстандық ЖОО – 2021 веб-сайттарының рейтингісінің нәтижелері бойынша Қозыбаев университеті 107 ЖОО арасында 4-ші орынға ие болды! Бұл рейтингте университеттердің ресми веб-ресурстары сегіз критерий бойынша бағаланды. Веб-сайт беттерінің саны, оларда орналастырылған құжаттар, ақпара…

Жатақханаларға мониторинг жүргізілді

Жыл сайынғы тесеру жұмыстарын «Jas Otan» жастар қанаты мен «Nur Otan» партиясы жанындағы құрылған «Жастар кеңесі» өкілдері бірлесіп өткізді. Олар оқу ордасының қызметкерлерімен бірге Қозыбаев университетіндегі студенттік жатақхананы тексерді. Мониторинг жұмыстары студенттердің тұрмыстық жағдайын және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында жүргізіл…

Биыл 1 қыркүйектен бастап білім алушылардың шәкіртақысы өсті!

Бакалаврларда 20%– ға, магистранттар мен докторанттарда 15%- ға өсті. Енді бакалаврлар стипендиясы 31 423 теңгені құрайды. Педагогикалық мамандықтар бойынша білім алушылар бұрынғы 42 000-ның орнына, болашақ дәрігерлер сияқты ай сайын 50 400 теңгеден алмақ. Сонымен қатар, магистранттардың, докторанттар мен интерндердің шәкіртақысы арттырылды. Егер …

Магистратура мен докторантураға қабылдау ережелеріне өзгерістер енгізілді

Қазіргі таңда Қозыбаев университетінде 321 магистрант және 26 докторант бар. Магистратураның 211 білім алушысы мен барлық докторанттар ҚР білім беру грантына ие. Биылғы оқу жылына қабылдау науқаны нәтижесінде 125 магистрант пен 7 докторант оқуға түсті. Әдетте, қабылдау науқаны жыл сайын тамыз айында өткізілетін еді. Алайда, бакалавриатты аяқтап,  …

Студенттердің жатақханаға орналасуы

Қазіргі таңда университет кампусының аумағында 1114 орны бар 3 студенттік жатақхана орналасқан. Аудандардан келіп жатқан студенттерді орналастыру кезең-кезеңімен жүріп жатыр. Мемлекеттік ережелерге сәйкес қоныстандыру кезектілігі бойынша жүзеге асырылады. Атап айтсақ, 1 кезекте-әлеуметтік санаты төмен: жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі жандар.…

«Мектепке жол» акциясы

«Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық акциясы аясында Қозыбаев университетінің оқытушылары мен қызметкерлерінің балаларына мектепке қажетті барлық құралдар табысталды. Игі шара біздің ЖОО «Nur Otan» партиясының «Болашақ» филиалының қатысуымен бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келеді. Демеушілердің арқасында рюкзактар мен дәптерлер, күнделік пен…

Жаңа технологияларды қолдану арқылы Қозыбаев университетін жасылдандыру

Оқу ордамыз университеттік экожүйені құру идеясын қолдайды. Осы шара аясында біздің ЖОО-мыз Назарбаев унверситетінің тұрақты даму офисімен және «Шеврон Мұнайгаз Инк.» арасында инновациялық жобалар байқауын жариялады. Бұл оқу кампустарында жайлы әрі жасыл орта құру үшін еліміздің үш университетінде іске қосылды. Студенттер, оқытушылар мен қызметкер…

Қазақстанда алғаш рет университет базасында «CEVA SANTE ANIMALE» француз серіктестерімен бірлескен сертификаттау орталығы ашылмақ

«AVA QAZAQSTAN» Қазақстан Республикасына ауыл шаруашылығындағы жануарлар мен құстарға вакцина жеткізумен айналысады. Аталмыш фирма біздің елдегі – «CEVA SANTE ANIMALE» (Франция) компаниясының ресми дистрибьюторы болып табылады. Бұл француздық ветеринарлық фармацевтикалық компания мал мен құсқа арналған дәрі-дәрмектер мен вакциналарды зерттеуге, әзі…

Студенттер Израиль профессорларының әдістемесі бойынша оқытылатын болады

Израиль Сыртқы істер министрлігі  «MASHAV» халықаралық орталығында «Агрономия және орман шаруашылығы» кафедрасының 4 оқытушысы «Суару мен өсімдіктерді қорғаудың озық технологиялары» тақырыбында кәсіби дайындықтан өтті. Бұл курсқа Солтүстік Қазақстан облысынан 11 адам қатысты. Олар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, мұғалімдер мен ауылшаруашылық…

Айсұлу Шайкенова халықаралық байқауда гран-при жеңіп алды

Нұр-Сұлтан қаласында қашықтан онлайн форматта  «Үздік педагог 2021» атты IІІ халықаралық педагогикалық байқау өтті.  Конкурс халықаралық Білім және Ғылым Академиясының ұйымдастыруымен биыл 3 рет  жарияланған болатын. Аталмыш сайыс ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Болашаққа бағдар- «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілді. Бұл байқау за…

Университет пен «Өрлеу» БАҰО АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

СҚО жұмыс сапарымен «Өрлеу» БАҰО Басқарма Төрағасы Әсел Мұхаметжанова келді. Ол Қозыбаев университетіне де ат басын бұрып, ЖОО басшылығымен кездесу барысында ынтымақтастық туралы екі жақты меморандумға қол қойылды. Бұл құжат орта, кәсіптік-техникалық және жоғары білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және кәсіби шеберлігін жетілдіруге ү…

Университетте алғашқы "1С: кәсіпқой" сертификаты табысталды

Қозыбаев университеті заманауи бағдарламалық өнімдер негізінде 1С сертификаттық оқыту орталығы ашылған ҚР ЖОО арасындағы жалғыз университет. Біздің төрт педагог жаттықтырушы санаттары бойынша дайындықтан өтіп, басқаларды оқытуға мүмкіндікке ие болып отыр. Петропавлда осындай 2 ресми білім беру провайдері бар. Қазақстан бойынша- 13. Естеріңізге сал…

Қозыбаев университетінің студенттері оқу жылын қалай бастайды?

1 қыркүйектен бастап барлық курстардың студенттері, магистранттары мен докторанттары Қозыбаев университетінің қабырғасында қайта дәстүрлі түрде білім алады. Практикалық және зертханалық сабақтар университет аудиторияларында барлық санитарлық нормаларды сақтай отыра өткізіледі, деп жоспарланып отыр. Ал, студенттер дәріс сабақатарын адам санына байла…

Университетте жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңірдің жастарымен Петропавлда сылынып жатқан нысандардың құрылыс жұмыстарымен және істеп тұрған өндіріс кәсіпорындарын бірге аралады. Меймандар облыс орталығы бойынша туристік сапар барысында Қозыбаев университетінің  жаңа оқу-зертханалық корпусына да ат басын бұрды. Жақын арада мұнда болашақ инженерлер, дәрігерлер, те…

Қыркүйек айынан бастап ЖОО педагогтарының жалақысы 200 мың теңгеден басталады

Ал, оқу жүктемесі 900-ден 680 сағатқа дейін төмендейді. Бұл жаңа білікті кадрларды тартуға оң септігін тигізеді. Алайда, ПОҚ-қа қойылатын талаптар да артады. Университетке жұмысқа қабылдау кезінде рецензияланған ғылыми журналдарда мақалалардың болуы, педагогикалық процесске жаңа білім беру технологияларын енгізу ескеріледі. Сондай-ақ, оқытушылардың…

«Айдың үздік қызметкері» байқауы өтті

Қозыбаев университетінде 1 мыңнан аса қызметкер жұмыс істейді. Нәтижелі, әрі сапалы жұмыс көрсету және шығармашылыққа деген қызығушылықты арттыру үшін ЖОО-да «Айдың үздік қызметкері» атты байқау ұйымдастырылды. Комиссия құрамына кірген университетіміздің әкімшілік қызметкерлері мен оқытушылары қатысушыларға әділ бағаларын беріп, үздіктерді анықтады…

Слухаевский атындағы лицейдің түлегі Қозыбаев университетінің грантын жеңіп алды

Осы аптада мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсының қорытындысы белгілі болды. Биыл Қозыбаев университетінде бюджеттен қаржыландырылатын орындар саны 797-ге дейін өсті. Оның 300-і педагогикалық мамандықтарды оқытуға бөлінді. 91 грантты «Серпін» бағдарламасына түсуші талапкерлер иеленді. Мемлекеттік гранттың  жеңімпаздарының бірі «Бірінш…

«Серпін» бағдарламасының студенттері жаңа зауыттарға жұмысқа орналасып жатыр

Қозыбаев университетіне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменованың төрағалығымен "Nur Otan" партиясы жанындағы білім мен ғылымды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы өтті. Кездесуде өңірдегі орта және жоғары білім беруді дамыту мәселелері талқыланды. СҚО Білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова кеңеске …

Облыстың 85 жылдық мерейтойына орай «Солтүстік Қазақстан облысы: тарихы, қазіргі жағдайы және даму болашағы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Қозыбаев университетінің қабырғасында айтулы датаға орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Жиынға бірқатар атақты тұлғалар мен ғалымдар, зерттеушілер, мұрағатшылар, сондай-ақ, қоғам қайраткерлері мен ардагерлер, профессорлар қатысты. Салтанатты жиын барысында СҚО әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов, академиялық сауалдар жөніндегі басқарма мүшесінің…

Аризона университетінің өкілдері Қозыбаев университетінде болды

Аризона университетінің делегациясы жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына келді. Іс-сапары барысында Аризона университетінің өкілдері облыстағы бірқатар нысандарды аралап, Қозыбаев университетінде де болып қайтты. Аризона университетінің президенті Роберт Роббинс, Аризона штатының конгресс төрағасы Расселл Бауэрс, университетінің академиялық…


Далее
из 112