Сөздәйектер галереясы
Шынайы ғылымда атақ пен дәреже дәлелге жүре алмайды. Ал қателік пен надандық кейде қол ұстасып кетуі мүмкін.
Бакалавриат білім алушылары арасында «Үздік студент-зерттеуші» байқауын өткізу туралы
Құрметті студенттер!
«Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ бакалавриат білім алушылары арасында «Үздік студент-зерттеуші» байқауын өткізу туралы хабарлайды.
Байқау ғылыми-зерттеу қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген студенттерді анықтауға, қолдауға және ынталандыруға бағытталған.
Байқауға қатысу өздеріңіздің ғылыми жетістіктеріңізді көрсетуге, ғылыми белсенділік рейтингін арттыруға және ақшалай ынталандыру алуға мүмкіндік береді.
Байқаудың жалпы жүлде қоры – 1 777 784 теңге, әр факультет бойынша бір-бір жүлделі орын тағайындау көзделген.
Конкурстық өтінімдерді қабылдау 2026 жылдың 05 сәуіріне дейін (23:59-ға дейін) жүзеге асырылады.
Өтінімдерді қарау және қорытындылау 2026 жылдың 06-09 сәуір аралығында өтеді.
Жеңімпаздарды марапаттау 2026 жылдың 10 сәуірінде Ғылым күнін мерекелеу аясында өткізіледі.
Қатысу үшін белгіленген талаптарға сәйкес конкурстық өтінімді дайындап, жолдау қажет.
Барлық сұрақтар бойынша және кеңес алу үшін электронды пошта арқылы хабарласыңыз: skugrant@ku.edu.kz.
