Сөздәйектер галереясы
Шын білім - ақиқат, анық білім.
Магистранттар мен докторанттар арасында "үздік ғылыми әзірлеу" (ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу) конкурсын өткізу туралы
Құрметті докторанттар мен магистранттар!
"Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" КЕАҚ магистранттар мен докторанттар арасында "үздік ғылыми әзірлеу" (ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу) конкурсын өткізу туралы хабарлайды. Конкурс экономиканың нақты секторына іс жүзінде енгізу әлеуеті бар перспективалы ғылыми әзірлемелерді анықтауға және қолдауға бағытталған.
Конкурсқа қатысу білім алушыларға өздерінің ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін көрсетуге және технологияларды коммерцияландыру тәжірибесін алуға мүмкіндік береді. Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 05 сәуірге дейін (сағат 23:59-ға дейін) жүзеге асырылады. Конкурстық жұмыстарды бағалауды конкурстық комиссия ұсынылған материалдар негізінде қашықтықтан форматта жүргізетін болады.
Іріктеу кезінде ғылыми жаңалыққа, тәжірибелік маңыздылыққа және әзірлеудің енгізуге дайындық деңгейіне ерекше назар аударылатын болады.
Конкурстың жалпы жүлде қоры 333 336 теңгені құрайды, бұл ретте әр факультеттен екі жүлделі орын көзделген.
Конкурстың қорытындысы 2026 жылдың 09 сәуіріне дейін шығарылады.
Жеңімпаздарды марапаттау 2026 жылдың 10 сәуірінде ғылым күніне арналған іс-шаралар аясында өтеді.
Толық ақпарат және қатысуға қойылатын талаптар конкурс Ережесінде қолжетімді, өтінімдер электрондық пошта арқылы қабылданады: skugrant@ku.edu.kz
Конкурс туралы ереже