Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Факультеттер жаңалықтары
МФ: Сессияға дайындық

  2024 жылғы 10 желтоқсанда емтихан сессиясының басталуы қарсаңында Медицина факультетінің  әкімшілігі студенттермен кездесу өттізді, оның әрі қарай оқу

11 желтоқсан 2024
ПФ: KOZYBAYEV UNIVERSITY ҰЖЫМДЫҚ МОНОГРАФИЯ ҚҰРУ БОЙЫНША ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТА

Монография - күрделі әлемнің сын-қатерлері талап ететін зерттеу ортасындағы ерекше "айырым белгісі". ​Жобалық зерттеу жұмысында монография басылымы - әрі қарай оқу

13 қараша 2024
АФ: Халықаралық пәндік олимпиада

Біздің университеттер арасындағы ынтымақтастықтың маңызы тек академиялық іс-шаралармен шектелмейді – бұл ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелерд әрі қарай оқу

01 қараша 2024
FEDT: Кәсіптік бағдар беруі

31 қазанда Инженерлік және сандық технологиялар факультетінің кафедралары университетте кең ауқымды кәсіптік бағдар беру шарасына қатысты.  Қала әрі қарай оқу

01 қараша 2024
ПФ: Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!

2024 жылдың қыркүйегінде М. Қозыбаев атындағы СҚУ педагогикалық факультеті және «Өрлеу БАҰО» АҚ «СҚО бойынша кәсіби даму институты&r әрі қарай оқу

10 қазан 2024
ПФ: Құттықтаймыз!!!

Бірінші қазанда университетте "Дене шынықтыру және спорт" кафедрасының еңбек сіңірген профессоры, б.ғ.к., доцент Қасия Кангужинаның 75 жылдық мерейтой әрі қарай оқу

08 қазан 2024
ПФ: Құттықтаймыз!!!

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсы "Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университ әрі қарай оқу

08 қазан 2024
F: 70 тыңдаушы Foundation факультетіне түсті

14 қыркүйекте тілдік даярлық курсына үміткерлер арасында «OES» прокторинг-жүйесі арқылы Foundation факультеті қабылдау емтиханын өткізді. әрі қарай оқу

26 қыркүйек 2024
АФ: экологиялық жастар марафоны

"Birgemiz" волонтерлік фронт-офисі мен "Жастар салауатты өмір салты үшін" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған экологиялық жастар марафоны барлық қала тұ әрі қарай оқу

17 қыркүйек 2024
ТЭҚФ: Тарих, экономика және құқық факультетінде Қазақстанда АЭС салу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

2024 жылғы 12 қыркүйекте ТЭжҚФ-та Қазақстанда АЭС салу бойынша түсіндіру кездесуі өтті, оған ЕжА-21 және МЕ-21 топтарының студенттері қатысты. Іс-шара әрі қарай оқу

13 қыркүйек 2024
Барлығын оқу

Студенттік спартакиада

ЖАРЫСТАРДЫ ӨТКІЗУДІҢ ЖАЛПЫ БАСШЫЛЫҚ ЕТІЛУІ

  1. Спартакиада бағдарламасының спорт түрлері бойынша жарыстарды ұйымдастыру, қамтамасыз етілуі, өткізілуі спорт клубының бас төрешілік   алқасымен бірлесуі  және дене шынықтыру және туризм кафедрасымен жүзеге асырылады.
  2. Студенттік спартакиадасының бас  төреші етіліп Линник М.А. тағайындалады. Жарыстардың өткізуін тәрбие және әлеуметтік жұмыстары жөніндегі бөлімімен бекітілген  төрешілер алқасы  жүзеге асырады (№1а қосымша). Спорт түрлері бойынша бас төрешілер жарыстардың өту орнын дайындау мен өткізілуіне,  төрешілік етуді ұйымдастыруына жауапты.
  3. Спорт түрлері бойынша жарыстардың нәтижелері бас төрешілік алқасымен бекітіледі.
  4. Жарыстарды өткізу ережелерін бұзу, әділетсіз төрешілік ету жөніндегі наразылық жарыстың  өткен күні беріледі.

ЖАРЫСТАРҒА ҚАТЫСУШЫЛАР

  1. Жарыстарға қатысуға алдын ала дайындықтан өткен және дәрігердің рұқсатын алған факультеттердің, ТжӘИ және МПК студенттік құрама командалары жіберіледі. Жарыстар өтетін жергілікті бас төрешілік   алқасына факультет деканымен расталған техникалық сұраным, әр студенттің студенттік билеті ұсынылады.Оқу үшін  қарызы бар студенттер жарыстарға қатыспайды. Дене шынықтыру факультетінің студенттері спартакиадаға конкурстан тыс қатысады.
  2. Жарыстарға қатысушылар факультет эмблемасы бар бірыңғай спорт киімінде болуы керек.

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ

Бірінші кезең – факультеттерде оқу топтарындағы жаппай жарыстар.
Екінші кезең – факультеттердің құрама командалары арасында спорт түрлері бойынша университет біріншілігі. Спартакиада университет ректорымен бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес өткізіледі.

М.Қозыбаев атындағы СҚУ студенттер спартакиадасының
БАҒДАРЛАМАСЫ

Күзгі жеңіл атлетикалық кросс (жігіттер, қыздар) қыркүйек
Волейбол (қыздар) қазан
Баскетбол (жігіттер) қараша
Стол үсті теннисі (жігіттер, қыздар) желтоқсан
Волейбол (жігіттер) ақпан
Баскетбол (қыздар) ақпан
Қысқы Президенттік көпсайыс (жігіттер, қыздар) ақпан
Шаңғы жарысы (жігіттер, қыздар) ақпан
Тоғыз-құмалақ (жігіттер, қыздар) наурыз
«Қазақша-күрес» наурыз
Гір спорты наурыз
Шахматы (жігіттер, қыздар) сәуір
Жүзу (жігіттер, қыздар) сәуір
Жазғы Президенттік көпсайыс (жігіттер, қыздар) сәуір-мамыр
Шағын футбол (жігіттер) мамыр
Көктемгі жеңіл атлетикалық кросс мамыр

Студенттер спартакиадасы жарыстарының қорытындысын шығару

Жарыстарда анықталады:

  • бағдарламаның әр нөмірінде жеке біріншілік;
  • спорт түрлері бойынша командалық біріншілік;
  • міндетті спорт түрлеріне күзгі және  көктемгі кросс, шаңғы спорты, жазғы Президенттік көпсайыс, волейбол жатады;
  • факультеттер арасындағы жалпы командалық есепті спортшылар командалық және жеке жарыстарда ұлдардың 12 түрі және қыздардың 8 түрі бойынша жинаған ұпай-орындарының ең аз сомасы бойынша айқындалады.
  • екі және одан да көп факультеттердің ұпай жиынтығы  тең болған жағдайда спорт түрлері бойынша ең көп I, II орын алғандарда артықшылық  болады;
  • спартакиада жарыстары спорт түрлері бойынша ережелердің  тиісті бөліктерінде көрсетілген  шарттарына сәйкес және жарыстардың қазіргі ережелері бойынша өткізіледі. Жігіттер мен қыздардың есебі бөлек. Спорт түрлері бойынша жарыстардың өту тәртібі төрешілік алқасының отырыстарында команда өкілдерімен бірге бекітіледі. 

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫҢ МАРАМАТТАЛУЫ

Жалпы командалық есеппен 1, 2, 3 орын алған факультеттер командалары кубок, құнды сыйлықтар және сәйкес дәрежедегі дипломдармен марапатталады. 

Спорт түрлерінде 1, 2, 3  орын алған командалар кубоктармен (1 орын үшін) және сәйкес дәрежедегі дипломдармен марапатталады. 

Спорттың ойын түрлерінде және жеке жарыс түрлерінде (грек-рим күресі, гір спорты, қазақша күрес) 1 орын алған қатысушылар диплом, құнды сыйлықтармен, 2-3 орындар үшін  сәйкес дәрежедегі дипломдармен марапатталады. Спорт түрлерінің жеке жарыстарында (шахмат, стол үсті теннисі, шаңғы жарысы, жазғы көпсайыс) 1, 2, 3 орын алған спортшылар грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.   

ЖАРЫСТАРДЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӘНЕ СПОРТ ТҮЛЕРІ БОЙЫНША ЕСЕП 

ШАХМАТ

Жарыстар жеке-командалық.
Команда құрамы 3 адам (2 жіг., 2 қыз). Жарыстар қазіргі ережелер бойынша өтеді. Жеңімпаз ең көп ұпай жиынтығы бойынша анықталады. 

БАСКЕТБОЛ

Ойындар 2 топшада бір ойында өтеді. Команда құрамы 8 адам. Топша құрамы жеребемен анықталады. Өткен спартакиадада 1-2 орын алған командалар басқа топшаларға ажыратылады. Жеңімпаз команда ең көп ұпай жиынтығы бойынша анықталады. Команда жеңгені үшін 3 ұпай, тең ойынға – 1 ұпай, жеңілгені үшін – 0 ұпай алады.   Екі команда тең ұпай жинаған жағдайда екеуінің арасындағы ойынның жеңімпазы артықшылық алады. Үш және одан да көп командалар тең ұпай жинаса, артықшылық  келесі реттілікте беріледі:  

  • олардың арасындағы  ең көп жеңістерге ие болған команда;
  • сол кездесулердегі допты кіргізген және жіберіп алған жақсы айырмасы бар команда, ал бұл жеткіліксіз болса, онда барлық кездесулердің айырмасы.

Финалдық ойындар өз топшаларында сәйкес орын алған командалардың түйісу кездесулерімен өткізіледі. 

СТОЛ ҮСТІ ТЕННИСІ

Жарыстар жеке-командалық. Жарыстар 2 топшада өтеді. Команда құрамы -  (2  жіг., 1 қыз). Ойындар 3  партиядан өтеді. Командалық кездесу 5 жеке кездесуден тұрады. Жеңімпаз ең көп ұпай жиынтығымен анықталады.  Финалдық ойындар өз топшаларында сәйкес орын алған командалардың түйісу кездесулерімен өткізіледі. 

ВОЛЕЙБОЛ

Жарыстар қазіргі ережелер бойынша 2 топшада бір айналымда өтеді.  Топшаларда команда құрамы жеребемен анықталады. 2010-2011  оқу жылы спартакиадасында I-II орын алған командалар басқа топшаларға бөлінеді.  Команда құрамы 12 адам. Жеңімпаз ең көп ұпай жиынтығымен анықталады.     Жеңіске команда 2 ұпай, жеңілгені үшін – 1 ұпай, келмегені үшін – 0 ұпай алады. Финалдық ойындар өз топшаларында сәйкес орын алған командалардың түйісу кездесулерімен өткізіледі. 

«ҚАЗАҚША-КҮРЕС»

Команда құрамы 12 адам.
Жеке-командалық жарыстар ҚР Күрес федерациясымен бекітілген қазіргі ережелер бойынша келесі салмақ категорияларында: 54 кг, 60 кг , 66 кг , 74 кг, 82 кг, 90 кг дейін,  90 кг артық  өтеді. 2 салмақ категориясында командаларға қосарлану рұқсат етіледі. Есеп 7 қатысушы бойынша. 

ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ

Жарыстар жеке-командалық.
Команда құрамы 10 адам. (5 жіг., 5 қыз).  Жігіттер – 5  шақырым,  қыздар – 3 шақырым. Жеңімпаз– есепке алынған қатысушылардың орындары - ең көп ұпай жиынтығы бойынша анықталады. Есепке 4 ең жақсы нәтиже алынады (4  жіг., 4 қыз). Командалар есепке алынғандардан тыс  әр 10 қатысушыға 5 сыйлықақы ұпайдан алады  

ГІР СПОРТЫ

Жарыстар эстафеталық түрде өтеді. Команда құрамы 5 адам. Салмақ категориялары есепке алынбайды. Спортшылар 16 және 24 кг гірлермен шығады, екі гірді кеудеден «жұлқи көтеруін» 1 минут  бойы орындайды. 24 кг гірмен жұмыс жасағанға коэффициент – 2 ұпай. Ұпай саны команда мүшелерінің жалпы көтеруілерінің саны бойынша есептеледі. Ең көп ұпай жинаған команда 1 орын  және  т.б. ие болады.

ЖАЗҒЫ ПРЕЗИДЕНТТІК КӨПСАЙЫС

Команда құрамы 8 адам. (4 жіг., 4 қыз.). Есепке жігіттерден 4, қыздардан 3 ең жақсы нәтиже алынады. Жарыстар төртсайыс бағдарламасы бойынша өтеді.   Төрешілік  1999  жылғы халықаралық полиатлон ережелері бойынша жүзеге асады. Көпсайыс нәтижелері 100 ұпайлық кесте бойынша ұпаймен бағаланады. Бір де болсын көпсайыс түріне кіріспеген (себепті сылтаусыз) қатысушы жарыстардан шығып қалады. Жарыстар бағдарламасы:

  1. Жүгіру 100 м ( жіг.,  қыз.)
  2. Жүгіру 1000 м (қыз.), 3000 м (жіг.)
  3. Ұзындыққа орнынан секіру (жіг., қыз.) 
  4. Ату (пневм. Винтовкадан)