"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Білім - таусылмайтын кең, ақыл - аздырмайтын ем.

Би-шешендер
Факультеттер жаңалықтары
АФ: Дала күні

2025 жылғы 26 маусымда «Сервис-ЖАРС» ЖШС (Қызылжар ауданы, СҚО) өндірістік танаптарында «Солтүстік Қазақстанның орман-дала аймағындағы жайылымдардың ө әрі қарай оқу

ТжӘИ: «Мағжан Жұмабаев: тұлға, әдеби үрдіс және тілтаным» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Тіл және әдебиетинституты «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы 2025 жылдың 19 маусымында көрнекті  әрі қарай оқу

Барлығын оқу

Студенттердің шағымдарын қарастыру рәсімі

Шағымдарды қарастыру рәсімі келесідей жүзеге асырылады:

  • кураторлар/эдвайзерлер → кафедра → деканат (директорат) → Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі Басқарма мүшесі → Ректор.

Кураторлар/эдвайзерлер студенттердің шағымдары мен ұсыныстарын кафедра меңгерушісіне, факультет деканына (институт директорына), Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі Басқарма мүшесіне ұсынады. Куратор кафедра меңгерушісіне ауызша немесе жазбаша түрде ұсынылған шағымдар ережеге сай соңғы салыстырмалы қысқа мерзімде шешіледі. Алайда, егер шағымның шешімі кафедра меңгерушісінің өкілеттігінде болмаса, ауызша немесе жазбаша түрде деканға баяндалады. Көптеген жағдайда барлық жан-жалдар кафедра меңгерушісі немесе факультет деканы деңгейінде шешіледі.

  • студент → Студенттермен жұмыс департаменті. Бұл жағдайда студенттер мен оқытушылардан түскен жазбаша өтініштер әлеуметтік және тәрбие жұмысы бөлімінде тіркеліп, тәрбие, әлеуметтік мәселелер және жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жөніндегі Басқарма мүшесі деңгейінде қарастырылады;
  • студент → Басқарма Төрағасы - Ректор. Бұл схема Басқарма Төрағасы - Ректордың тікелей поштасы, Басқарма Төрағасы - Ректордың блогы немесе жеке мәселелер бойынша қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

Аралық бақылау немесе ағымдағы (рейтингілік) бақылау бойынша аппеляцияға беру секілді бірқатар шағымдар ПРО СҚУ Білімді бағалау құжатымен реттеледі.

Студенттердің ЖОО басшылығына шағымы студенттік Үкімет немесе студенттік Кәсіподақ арқылы берілуі мүмкін. Әр факультетте Студенттік Министрлер сайланады. Студенттік Үкіметтің функционалдық міндеттеріне студенттер мен магистранттардың мүдделерін білдіру және қорғау, сондай-ақ студенттер мен магистранттар атынан университет басшылығына жүгіну жатады.