Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Foundation факультетіне қабылдау

2024-2025 оқу жылына ҚР ҒЖБМ 2024 жылғы 24 маусымдағы №310 бұйрығы негізінде «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ Foundation факультетіне Дайындық бөліміне оқуға конкурстық негізде қабылдау үшін тіркеу жүргізіледі.

2024-2025 оқу жылында "М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" КЕАҚ "Foundation" факультетіне конкурстық іріктеу өткізу тәртібі

 1. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ шетелдіктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар үшін

1-қадам 

 Тіркеу 

Тіркелу мерзімі: 2024 жылдың 5 тамызы мен 5 қыркүйегі аралығы.

Тіркелу үшін көрсетілген мерзімде қағаз түрінде Петропавл қаласы, Интернационал көшесі 26, №5 оқу корпусы, 206 кабинетке немесе skgu.foundation@bk.ru электронды поштасы арқылы электронды түрде төмендегі құжаттарды бір хатпен жіберу қажет.

 Қажетті құжаттар тізімі: 

  • электрондық немесе қағаз түрінде қабылдау туралы  өтініш;
  • шетел азаматының жеке басын куәландыратын паспортының электрондық көшірмесі немесе қағаз нұсқасы, нотариат куәландырған аудармасы;
  • білім туралы құжаттың және оған қосымшаның электрондық көшірмесі немесе қағаз нұсқасы және мөрдің аудармасын қоса алғанда, нотариат куәландырған сканерленген аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болған жағдайда);
  • шетелге оқуға баратындар үшін өтініш берушінің тұрғылықты елінің денсаулық сақтау саласындағы ресми органы берген медициналық анықтама.

Ескерту: электронды түрде тіркелу кезінде өтінішті басып шығару, өз қолыңызбен толтыру, сканерлеу арқылы басқа құжаттармен бірге электронды поштаға жіберуіңіз қажет. Әр құжат жеке документ ретінде сканерленіп, өз атауымен PDF форматта сақталып, (мысалы ұлты қазақ анықтама, шетел паспорты т.б.) бір хатпен көрсетілген электронды поштаға жолдану қажет. 

2-қадам 

 Құжаттарды тексеру

Ұсынылған құжаттар талаптарға сәйкес дұрыс болған жағдайда тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттар тапсыруды тіркеу кезінде көрсетілген электрондық поштаға «Қабылданды» деген хабарлама жолданады. Ұсынылған құжаттар сәйкес келмесе, түсушіге құжаттарды тіркеуден бас тарту туралы хабарлама жіберіледі. Оқуға түсу үшін құжаттарды тіркеуден бас тарту туралы хабарлама алынғаннан бастап (бас тарту себебін түзетіп) үміткер конкурсқа қатысу үшін 5 қыркүйекке дейін қайта тіркелуіне болады. 

3-қадам 

 Қабылдау емтиханы

Конкурстық негізде қабылдау емтиханы: 2024 жылдың 10-15 қыркүйегі аралығында Әңгімелесу (сұхбат) түрінде офлайн немесе онлайн (ZOOM бағдарламасында) жүргізіледі.

 2. Қазақстан Республикасының азаматтары үшін (тілдік курстар)

1-қадам 

 Тіркеу 

Тіркелу мерзімі: 2024 жылдың 5 тамызы мен 5 қыркүйегі аралығы.

Тіркелу үшін көрсетілген мерзімде қағаз түрінде Петропавл қаласы, Интернационал көшесі 26, №5 оқу корпусы, 206 кабинетке немесе skgu.foundation@bk.ru электронды поштасы арқылы электронды түрде төмендегі құжаттарды бір хатпен жіберу қажет.

 Қажетті құжаттар тізімі: 

  • электрондық немесе қағаз түрінде қабылдау туралы  өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі немесе қағаз нұсқасы;
  • жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) білім туралы құжаттың және оған қосымшаның электрондық көшірмесі немесе қағаз нұсқасы
  • 075/у медициналық анықтама.

Ескерту: электронды түрде тіркелу кезінде өтінішті басып шығару, өз қолыңызбен толтыру, сканерлеу арқылы басқа құжаттармен бірге электронды поштаға жіберуіңіз қажет. Әр құжат жеке документ ретінде сканерленіп, өз атауымен PDF форматта сақталып, (мысалы ұлты қазақ анықтама, шетел паспорты т.б.) бір хатпен көрсетілген электронды поштаға жолдану қажет. 

2-қадам 

 Құжаттарды тексеру

Ұсынылған құжаттар талаптарға сәйкес дұрыс болған жағдайда тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттар тапсыруды тіркеу кезінде көрсетілген электрондық поштаға «Қабылданды» деген хабарлама жолданады. Ұсынылған құжаттар сәйкес келмесе, түсушіге құжаттарды тіркеуден бас тарту туралы хабарлама жіберіледі. Оқуға түсу үшін құжаттарды тіркеуден бас тарту туралы хабарлама алынғаннан бастап (бас тарту себебін түзетіп) үміткер конкурсқа қатысу үшін 5 қыркүйекке дейін қайта тіркелуіне болады. 

3-қадам 

 Қабылдау емтиханы

Конкурстық негізде қабылдау емтиханы: 2024 жылдың 10-15 қыркүйегі аралығында 2 пәннен, яғни міндетті пән Ағылшын тілі және бір таңдау пәнінен (Биология, Химия, Информатика, Физика) ҰБТ форматында тест жүргізіледі. Қабылдау емтиханы офлайн немесе онлайн (ZOOM бағдарламасында) жүргізіледі. Онлайн форматта рұқсат беру негізі: тұрғылықты мекенжайы СҚО-нан басқа жерде болса.

 Байланыс ақпараттары

 Мекенжай: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ, «Foundation факультеті», Интернационал көшесі 26, №5 оқу корпусы, 206 кабинет.

Телефондар: +7 776 113 5011, +7 701 164 6596, +7 775 548 1246, +7 747 300 9507