"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Ақылдың тілін алса, жүрек ұмытпайды.

Абай
Факультеттер жаңалықтары
АФ: Дала күні

2025 жылғы 26 маусымда «Сервис-ЖАРС» ЖШС (Қызылжар ауданы, СҚО) өндірістік танаптарында «Солтүстік Қазақстанның орман-дала аймағындағы жайылымдардың ө әрі қарай оқу

ТжӘИ: «Мағжан Жұмабаев: тұлға, әдеби үрдіс және тілтаным» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Тіл және әдебиетинституты «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы 2025 жылдың 19 маусымында көрнекті  әрі қарай оқу

Барлығын оқу
Бақыт Дилара Бақытқызы 15 сәуір 2019
Сұрақ
Құрметті Серік Мәуленұлы!!! Мен Преснов жалпы орта білім беру мектебінің 6 сынып оқушысы Бақыт Диларамын. Сізге хат жолдауыма себепші болған, Сіз басқарып отырған СҚМУ ұстаздар қауымына деген үлкен алғысымды білдіргім келді. Мен 1 сыныптан бастап, әртүрлі тақырыпта зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрмін. Облыстан жүлделі орындар алып, былтырғы жылы республикадан 2 дәрежелі дипломмен марапатталдым. М.Жұмабаевтың 125 жылдығына орай "Мағжан сөздері мен Елбасы істерінің Рухани үндестігі" тақырыбында зерттеу жұмысын жазғанымда Жанбай Тұрарұлы алтын уақытын бөліп, менің зерттеу жұмысыма пікір қосып, бала болсам да, менің талабымды бағалап, жылы шыраймен қарсы алды. Осындай Педагог атына лайықты жандарға алғысымды білдіргім келді. Осындай білсем деген балаға қол ұшын беретін ұстаздары бар университеттің болашағы зор. Сіздің ұжымыңызға табысты еңбек тілеймін. Рахмет Сіздерге!!!
Жауап

Құрметті Бақыт Дилара Бақытқызы!
Сіздің жетістіктеріңізге шын жүректен қуаныштымын! Біздің университет оқытушылары осындай жас ұрпақтың тәрбиесіне және білім алуына ықпал ететіні өте қуантады. Сіздің зерттеу жұмыстарыңызда алдағы уақытта да жоғары нәтижелерге қол жеткізуге тілектеспін!

Құрметпен, ректор.