Некоммерческое акционерное общество
"Северо-Казахстанский университет
имени Манаша Козыбаева"
Крупнее
Галерея цитат

Вселенная освещается Солнцем, человек - знанием.

Калмыцкая пословица
Новости факультетов
Читать все
Бақыт Дилара Бақытқызы 15 апреля 2019
Вопрос
Құрметті Серік Мәуленұлы!!! Мен Преснов жалпы орта білім беру мектебінің 6 сынып оқушысы Бақыт Диларамын. Сізге хат жолдауыма себепші болған, Сіз басқарып отырған СҚМУ ұстаздар қауымына деген үлкен алғысымды білдіргім келді. Мен 1 сыныптан бастап, әртүрлі тақырыпта зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрмін. Облыстан жүлделі орындар алып, былтырғы жылы республикадан 2 дәрежелі дипломмен марапатталдым. М.Жұмабаевтың 125 жылдығына орай "Мағжан сөздері мен Елбасы істерінің Рухани үндестігі" тақырыбында зерттеу жұмысын жазғанымда Жанбай Тұрарұлы алтын уақытын бөліп, менің зерттеу жұмысыма пікір қосып, бала болсам да, менің талабымды бағалап, жылы шыраймен қарсы алды. Осындай Педагог атына лайықты жандарға алғысымды білдіргім келді. Осындай білсем деген балаға қол ұшын беретін ұстаздары бар университеттің болашағы зор. Сіздің ұжымыңызға табысты еңбек тілеймін. Рахмет Сіздерге!!!
Ответ

Құрметті Бақыт Дилара Бақытқызы!
Сіздің жетістіктеріңізге шын жүректен қуаныштымын! Біздің университет оқытушылары осындай жас ұрпақтың тәрбиесіне және білім алуына ықпал ететіні өте қуантады. Сіздің зерттеу жұмыстарыңызда алдағы уақытта да жоғары нәтижелерге қол жеткізуге тілектеспін!

Құрметпен, ректор.