Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Факультеттер жаңалықтары
ТЭҚФ: Көрісу күні құтты болсын!

Тарих, экономика және құқық факультетінде Көрісу күні мерекесі өтті әрі қарай оқу

14 наурыз 2025
ТЭҚФ: Открытие Open Historical library

Бүгін тарихи кітапхананың ашылу салтанаты өтті әрі қарай оқу

14 наурыз 2025
ТЭҚФ: Студенты ФИЭП приняли участие в национальной игре «Бөрік теппек»

Студенты ФИЭП приняли участие в национальной игре «Бөрік теппек» әрі қарай оқу

14 наурыз 2025
ТЭҚФ: ТЭжҚФ-де «MISS TEACHER» байқауы өтті

2025 жылдың 6 наурызында «Журналистика және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Мiss TEACHE әрі қарай оқу

06 наурыз 2025
ТЭҚФ: ТЭжҚФ-те Петропавл гарнизоны әскери прокуратурасының бұрышы ашылды

2025 жылғы 5 наурызда М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің кітапханасында Петропавл гарнизоны әскери прокуратурасының ақпараттық б әрі қарай оқу

06 наурыз 2025
МФ: Мәңгілік ел - менің елім!

Алғыс айту күнін тойлау соңында 28.02.2025 жылғы ОЗК-дағы медицина факультеті «Мәңгілік ел - менің елім!» квестін ұйымдастырды, Квестке фа әрі қарай оқу

28 ақпан 2025
МФ: Check out - Өзіңізді тексеріңіз!

28.02.2025 жылы № 2 ҚК-де Алғыс айту күніне орайластырылған «Клиникалық пәндер» кафедрасының оқытушылары В.Н.Мальвенов, М.И.Әлиева және 7 әрі қарай оқу

28 ақпан 2025
ТжӘИ: Облыстық олимпиада

27 ақпан күні Тіл және әдебиет институының ұйымдастыруымен пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиада мақсаты– Тілдік пәндерге деген қызығушылықтарын әрі қарай оқу

28 ақпан 2025
ТЭҚФ: ТЭжҚФ-тегі Алғыс айту күні

2025 жылдың 28 ақпанында Тарих, экономика және құқық факультетінде Алғыс айту күніне арналған іс-шаралар өтті. Деканның тәрбие работе жөніндегі орынба әрі қарай оқу

28 ақпан 2025
Барлығын оқу

Қаржы директоры

Біліктілікке қойылатын талаптар - кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және қаржы қызметін ұйымдастыру саласындағы мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Лауазымдық міндеттері: ұйымның қаржылық стратегиясын әзірлеуді және оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді; перспективалық және ағымдағы қаржылық жоспарлардың жобаларын, болжамды баланстар мен ақша қаражатының бюджеттерін әзірлеуге басшылық жасайды; айналым қаражатының нормативтерін және олардың айналымдылығын жеделдету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді ұйымдастырады; кірістердің уақтылы түсуін, белгіленген мерзімде қаржы-есеп айырысу және банк операцияларын ресімдеуді, жеткізушілер мен мердігерлердің шоттарын төлеуді, қарыздарды өтеуді, пайыздарды, жұмысшылар мен қызметшілердің жалақысын төлеуді, салықтар мен алымдарды және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді, жинақтаушы зейнетақы қорларына зейнетақы аударымдарын, банктерге төлемдерді аударуды қамтамасыз етеді; ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін талдайды, төлем қабілеттілігін қамтамасыз етуге, пайдаланылмайтын тауар-материалдық құндылықтардың пайда болуының алдын алуға және жоюға, өндірістің рентабельділігін арттыруға, пайданы ұлғайтуға, өнімді өндіру мен өткізуге шығындарды азайтуға, қаржылық тәртіпті нығайтуға бағытталған ұсыныстарды әзірлеуге қатысады; қаржылық жоспардың, өнімді өткізу жоспарының, пайда және өзге қаржылық көрсеткіштер бойынша жоспардың орындалуын, өткізуі жоқ өнім өндіруді тоқтатуды, ақша қаражатының дұрыс жұмсалуын және меншікті және қарыз айналым қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады; қаржылық есепке алу мен есептілік стандарттарына сәйкес қаржылық қаражат қозғалысының есебін жүргізуді және қаржылық қызмет нәтижелері туралы есептілікті жасауды, қаржылық ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз етеді, есептік құжаттаманың дұрыс жасалуы мен ресімделуін, оның сыртқы және ішкі пайдаланушыларға уақтылы берілуін және басқа да міндеттерді бақылайды.

Білу қажет: өндірістік-шаруашылық және қаржы - экономикалық қызметті регламенттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер, ұйымның қаржылық қызметіне қатысты әдістемелік және өзге де материалдар; қаржы ресурстарын бөлу тәртібі, қаржы салымдарының тиімділігін айқындау, айналым қаражатын нормалау, қаржы есептеулерінің тәртібі мен нысандары, салық заңнамасы; зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнаманың негіздері; қаржылық есепке алу және есептілік стандарттары; бухгалтерлік есеп, есептеу техникасы, телекоммуникация және байланыс құралдары; экономика, өндірісті ұйымдастыру, Еңбек және басқару негіздері; еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
  3. еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  4. жеке куәліктің көшірмесі;
  5. 075/у нысанындағы медициналық анықтама;
  6. білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  7. соттылығы туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
  8. психоневрологиялық және наркодиспансерден анықтама;
  9. еңбек кітапшасы.

Құжаттар хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қабылданады. Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Пушкин көшесі, 86, № 2 корпус, № 219 кабинет.

Телефон: 8 (7152) 369468.